«Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация бағдарламасын жүзеге асырудың 6 қазан 2014 ж. экономикалық тиімділігі $11 млрд бағаланып отыр

Астанада өткен Трансформация Форумы барысында «Самұрық-Қазына» АҚ жетекшілері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қордың жұмысын өзгерту бағдарламасын таныстырды. Қор мен халықаралық консультанттар бірлесе отырып әзірлеген аталған құжат «Қазақстан - 2050» Стратегиясында атап көрсетілген негізгі мақсат – әлемнің дамыған озық 30 елінің қатарына енудің нақты құралына айналмақ. 

Мемлекет басшысына ауқымды Бағдарламаны таныстырған «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев: «Құрамында жалпы құны 16 трлн теңгені немесе $90 млрд. құрайтын ең ірі ұлттық стратегиялық компаниялар топтасқан «Самұрық-Қазына» холдингі осы мақсатқа жетуде маңызды рөл атқарады. Қор Қазақстанның жалпы ішкі өніміне тікелей 2,5 трлн. теңге немесе $14 млрд. үлес қосып отыр. Қазақстан экономикасына құйылған инвестициялардың төрттен бірі Қордың еншілес компанияларының үлесінде. Біз 350 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырмыз. 

Осы себепті, «Самұрық-Қазына» Қорын модернизацияламай тұрып, мемлекетті модернизациялау мүмкін еместігі түсінікті», - деп атап айтты.

«Трансформация Бағдарламасы шеберінде Қор жұмысын модернизациялау инвестиция салу талаптарын жетілдіру, бизнес-процестер мен портфельдің құрылымын оңтайландыру, сонымен қатар Қор жұмысын кең көлемде қайта құрып, қағазбастылықтан арылуды қамтиды»,- деп тарқатып, түсіндірді Ө. Шөкеев. «Бағдарламаның ең негізгі мақсаты 2020 жылға қарай экономикалық кірістің оң көрсеткіштеріне шығу. Оған қол жеткізген жағдайда Қазақстан экономикасына кейінгі жылдары 2 трлн. теңге немесе $11 млрд. түседі»,-деді Ө.Шөкеев. 

Трансформация Бағдарламасының таныстырылымында сөз алған McKinsey&Company басшысы Доминик Бартон мынандай бағасын берді: «Самұрық-Қазына» Қоры қолға алған мұндай күрделі, әрі кең ауқымды өзгерістер бұған дейін Қазақстан мен ТМД аумағында бұрын соңды болған».

«Бірақ,- деді ол, - «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар Кеңесі бекіткен Қор мен оның еншілес компанияларының жұмысын одан әрі өзгертудің негізгі қағидаларын қамтитын бағдарламалық құжатта осындай бағдарламаларды әлемде іске асырудың барлық тәжірибесі толық қамтылды деп айта аламын. Бұл бағдарламаны жазуға 14 мемлекеттің тәжирибиелі мамандары мен сарапшылары өз үлесін қосты»,- деп ерекше екпін түсірді.

Қор жетекшілері Трансформация бағдарламасын жүзеге асыру жоспары барын ағымдағы жылдың ақпан айының соңында жария етті. 2014 жылдың 23 сәуірінде Мемлекет басшысы құжатты 2014 жылдың қыркүйек айына дейін әзірлеуді тапсырған болатын. 2014 жылдың 5 қыркүйегінде Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар Кеңесі Трансформация бағдарламасын бекітті. Сол кезде көп өтпей, Қордың Трансформация бағдарламасы мен оны жүзеге асыру шараларының Жоспары Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін келелі отырыста талқыланатыны хабарланған болатын.

Осы себепті 6 қазанда Трансформация Форумы ұйымдастырылып, оған экономика мен бизнес саласындағы дүниежүзіне танымал сарабдал сарапшы Нуриэль Рубини мен ЫДҰ және Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері шақырылған.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика