«Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация бағдарламасы аясында алғашқы құжатты дайындады

«Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқарудың жаңа кодексін жасады. Әлемдегі соңғы трендтерді ескеріп жасалған жаңа Кодекс Трансформация бағдарламасының басты мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған: ұзақ мерзімді құнды арттыру және тұрақты даму. Бұл туралы 2014 жылғы 11 қарашада Директорлар кеңесі мүшелерімен өткен VII кездесуде «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Трансформация бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін Қор компаниялар тобында тіке корпоративтік басқару тетігін енгізу керек: әр адамның ролі мен жауапкершілігін нақты айқындау қажет. «Корпоративтік басқару Трансформация бағдарламасының өзегі болып табылады. Корпоративтік басқаруда табысқа жетсек - «домино эффектісіндей», бұл табыс Бағдарламаның басқа да бағыттарына оңды ықпал етеді», - деді Ө.Шөкеев, құттықтау сөзінде.

Жаңа Кодекс жобасы Қор мен Қор тікелей немесе жанама 50 %-дық дауыс беруші акциясы (үлесі) бар ұйымдарға қатысты. Құжатта Қорды Үкімет тарапынан  ерекшелігі айқындалған, бұл инвесторлардың Топтағы корпоративтік басқару жүйесін мейлінше түсінуіне, тәуекелдерді бағалауына мүмкіндік береді. Тұрақты даму мен тәуекелдерді басқару Кодекстегі жаңа бөлімдер. «Біз бизнесті жауапкершілікпен жүргізуіміз керек, акционерлер үшін, бүгінгі, болашақтағы ұрпақтар үшін құндылықтар жасауымыз қажет. Біз «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруды «тұрақты даму» қағидасы арқылы жүргіземіз» деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова. Жобада портфельдік компаниялардағы директорлар кеңесінің тиімділігін арттыруға да ерекше көңіл бөлінген.

Кодексті жасау өткен жылдың сәуір айынан бері, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Қор мен оның компаниялары менеджменті және Топ директорларының қатысуымен басталған болатын.

Кездесу барысында Қордың еншілес компанияларындағы «жол картасын» жасау қажеттігі айтылды. Қор өз кезегінде бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде әр компанияға әдістемелік және практикалық көмек көрсететін болады, соның ішінде бас директорлар мен қызметкерлер, бизнес-трансформация мен IT арқылы тіке байланыс жасайтын болады. «Ең маңыздысы компаниялардың Директорлар кеңесі осы жұмысқа белсене қатысып, компаниялардың стратегияларын қайта қарау ісіне менеджментпен бірге ат салысуы керек, Трансформация бағдарламасындағы нақты басымдықтар басшылықа лауы және өз құзіреті аясында Бағдарламаның іске асыруға қатысуы тиіс», - деді Ө.Шөкеев.

2014 жылғы 6 қазанда, Астанада ҚР Президентінің қатысуымен Трансформация бағдарламасының ресми таныстырылымы өткені белгілі. Трансформация бағдарламасы – бұл Қор мен оның бақылауындағы портфельдік компаниялар қызметін ауқымды жаңарту, жандандыру және холдингтің қазіргі мемлекеттік активтерге әкімші болу әдісінен белсенді инвесторға айналдыруды көздейді.

 

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика