8 желтоқсанда мемлекеттік активтерді жекешелендіру жөнінде интернет-конференция өтеді

Активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директор - басқарма мүшесі Берік Бейсенғалиев пен Қазақстан Республикасының қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 8 желтоқсан күні тікелей эфирде мемлекеттік активтерді жекешелендіру бойынша сұрақтарға жауап береді.

Интернет-конференция «Ашық диалог» электронды үкімет порталында өтеді. Ол сағат 9.00 басталып, сағат 13.00-ке дейін жалғасады.

Сұрақтар бүгіннен бастап қабылданады. Сұрақтарыңызды қою үшін, келесі сілтеме арқылы өтулеріңізді сұраймыз https://dialog.egov.kz/conference/180. 

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика