«Самұрық-Қазына» АҚ зерттеулер департаментінің уран нарығына шолуы мен болжамы

Қазақстандағы уран өндірісі  

2016 жылы Қазақстандағы уран өндірісі шамамен 24 000 тоннаны құрады,бұл 2015 жылмен салыстырғанда 1,7%-ға артық. 2017 жылы уран өндіру 8%-ға немесе 2 000 тоннаға азаяды, бұл уран ұсынысының артықтығынан нарықтың әлсіреуіне байланысты. Қазақстан өндіретін уран әлемдік өндірістің 3%-ын құрайды. Нарық жақсарса, өндіріс ұлғаяды деп күтіліп отыр. Өндірістің қысқаруы уран бағасының фунтына 24 АҚШ долларына көтерілуіне алып келді, 2016 жылғы қарашада бұл көрсеткіш  17,75 АҚШ доллары болса,ең төменгі деңгей 2015 жылдың ақпанында болған.


Қазақстан, өз атом электр станциялары болмағандықтан, өндірілген уранды ұзақмерзімді келісім бойынша экспортқа шығарады, Қытай қазақстандық уранның басты тұтынушысы, оның үлесі 50%-дан астам. 

Әлемдік сұраныс және ұсыныс

Канада мен Австралия Қазақстаннан кейінгі (39%) әлемдегі ірі уран өндірушілер болып табылады (2015 жылғы өнімнің 22% және 9%-ы). 2015 жылы уранның тотығы мен шала тотығы 71 000 тонна болды, оның ішінде 60 496 тонна уран бар. Сондай-ақ уран екінші дәрежелі көздерден, электростанциялардың қорынан да жеткізіледі. 

Қазіргі уақытта 439 атом электр станциясында орнатылған 380 ГВт қуатты неттода уран пайдаланылады. АҚШ уран пайдаланушы ірі елдің бірі, оның әлемдік үлесі - 28%. Қытай және Оңтүстік Корея жалпы көлемнің 12% және 8%-ын пайдаланады.  Әлемдік сұраныс жыл сайын 4,8%-ға өсіп,  2020 жылы 97 900 тонна болады деп күтілуде. Бүгінгі таңда 58 атом реакторы салынып жатыр және 512 реактордың құрылысы жоспарланған. 23 жапон атом реакторы қайта қосылу үстінде, 2016 жылы АҚШ, соңғы 20 жыл ішіндегі алғашқы  жаңа атом реакторын іске қосты, төртеуі жасалу үстінде. Жаңа атом станциялары дамушы елдерде, соның ішінде Қытай мен Үндістанда  салынып жатыр. Жаңа атом реакторларының қосылуы жұмысы тежелген реакторлар есебінен болған сұраныстың төмендігін қалпына келтіреді. Бұл өз кезегінде ұсыныс пен сұраныс теңдігін реттейді, атом электр станцияларының тұрақты өсімі уран нарығына да оң әсер етеді.




Уран бағасына болжам 

Уранның нақты бағасы, 2005 жылғы ақпанданан бергі ең төменгі деңгейге жетіп, 2016 жылғы қарашада фунтына 17,75 долларға дейін арзандаса, жыл аяғында фунтына 20 доллар болды. Тұрақсыз саяси, экономикалық жағдайларға сәйкес уран нарығы да өзгермелі болады. 2020 жылға дейін нарықта уран жеткілікті болады, осындай қысымға байланысты нақты баға фунтына 30 доллардан төмен деңгейде болады деп күтілуде. Алайда, мұндай жағдайда жаңа кен орындарын игеру тиімсіз. Осыған орай ұзақмерзімді баға сұраныс пен дефициттің теңгерімі арқылы реттеліп отырады. Сонымен қатар, 2017-2018 жылдары негізгі америкалық және еуропалық атом электр станциялары ұзақмерзімді келісімдерді қайта жасайтын болады. 



Жауапкершіліктенбастартужәнеақпараттыжарияету

«Самұрық-Қазына» АҚ Стратегиялар мен қоржындық инвестициялар блогының зерттеулер жөніндегі департаменті (бұдан әрі – “Зерттеу командасы”) аталған жарияланым үшін жауап береді. Зерттеу командасы осы жарияланымдағы (бұдан әрі – «Жарияланым»)кез келген пікір зерттеу командасының жеке пікірі болып табылатынын ескертеді.

Бұл жарияланымдағы ақпаратты біз сенімді деп санаймыз және өз тарапымыздан «Самұрық-Қазына» АҚ веб-сайтындағы ақпараттарды жүйелі түрде жаңартып отыратын боламыз. Алайда, зерттеу командасы да, «Самұрық-Қазына» АҚ да жарияланымдардағы келтірілген ақпараттар дәл әрі нақты, сол ақпаратты басшылыққа алуға болады деген кепілдік бермейді. Зертеу командасы жарияланымдағы ақпаратты кезк елген уақытта, алдын ала ескертусіз өзгерте алады. 

Зерттеу командасы, «Самұрық-Қазына» АҚ, оның қызметкерлері ақпаратты пайдаланғаннан болатын шығынға, сондай-ақ кеткен қателіктер мен  дәл емес болжамдарға, жарияланымнан алынған ақпараттарды пайдаланудан туындайтын өзге де жағдайларға жауап бермейді

Бұл жарияланым тек ақпараттық сипатта және қол жетімді. Аталған жарияланым қандай да бір құнды қағаздарды, активтерді сатып алуға, сатуға, келісім жасауға бағытталған ұсыныс немесе әрекет емес. 

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика