«Самұрық-Қазына» қоры инвесторлар мен трансұлттық компанияларды ынтымақтасуға шақырды

«Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі - Қор) дипломатиялық корпус, ірі халықаралық компаниялар, инвесторлар мен банктердің 300-ге жуық өкілімен кездесу өткізіп, Қордың қоржын компаниялар басқарушысынан белсенді акционер роліне өту стратегиясымен, трансформация, активтерді жекешелендіру бағдарламасының аралық нәтижелерімен, сондай-ақ дамушы салалардағы жобаларымен таныстырды.

- «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы активтеріне инвестиция жасаудың ерекше мүмкіндігі бар, себебі Қор еліміздегі түрлі салалардағы ірі кәсіпорындардың басын біріктіріп отыр, - деп атап өтті, Қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

– Қор трансформациясы сол активтерді тартымды қылуға бағытталған. Бүгінде Қазақстан мен «Самұрық-Қазына» АҚ активтері, өткен жылдармен салыстырғанда, инвестиция үшін ең сенімді таңдау болып саналады. Мысал үшін, соңғы екі жылда Қазақстан Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша рейтингінде, 190 елдің ішінде 51-орыннан 35-орынға көтерілді.

Қор өкілдері «Самұрық-Қазына» АҚ 2016-2020 жылдардағы активтерін жекешелендіру бағдарламасы туралы әңгімеледі. Басты мақсаттардың бірі –ЭЫДҰ елдері стандарттарына сәйкес мемлекеттің экономикадағы үлесін 15%-ға дейін қысқарту.

- Қазіргі уақытта Қор активтерін жекешелендіру бағдарламасы белсенді жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді жекешелендіру департментінің директоры Дәурен Тасмағамбетов. 

– Бағдарлама аясында 217 актив, екі тізбеге бөлініп сатылады. Бірінші тізбеде 45 ірі компания бар. Оның ішінде, «Қазатомпром» АҚ, «Эйр Астана» АҚ IPO-ға шығарылатын компаниялар тізімінде. Акцияларды орналастыру туралы шешім көптеген факторларға байланысты: макроэкономикалық ахуал, құнды қағаздар нарығындағы жағдай мен компаниялардың дайындығы. Қазіргі кезде біз IPO-ға дайындықтың алғашқы кезеңінде – инвестициялық банктерді таңдау мен компаниялар дайындығын жалпы бағалау кезеңінде тұрмыз.

2016 жылы Қор екінші тізбедегі активтердің 75%-ымен жұмыс істеп (172 ұсақ және орта кәсіпорындар), Мемлекеттік комиссияның келісімі бойынша оларды сатуға кірісті. Ірі активтерді сатуды 2018 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қоса, шарада Қордың дамушы салалардағы болашағы бар жобалары таныстырылды.

- Қор активтері қоржынында алдағы 5 жылда айтарлықтай өсу мүмкіндігі бар төрт компания дамып келеді, - дейді «Самұрық-Қазына» АҚ жаңа салаларды дамыту жөніндегі тең-басқарушы директор Е.Тұтқышев. 

– Соның бірі «Біріккен химия компаниясы» (БХК) мұнай-газ қорын мұнай-химия өндірісі есебінен тиімді пайдалануға күш салады. БХК мемлекет қолдауы арқылы   Атырауда мұнай-химиялық кластерді дамытып жатыр, онда инвесторларға дайын өнім мен еркін экономикалық аймақтың өзге де жеңілдіктерін ұсынады.

Бұдан өзге БХК 2017 жылы Жамбыл облысында, химиялыө өнім шығаратын еркін экономикалық аймақты іске қосуды жоспарлап отыр. Спикер Қордың өзге компанияларындағы негізгі жобалар туралы айтты: «Тау-Кен Самұрық», АҚ, «Самұрық-Қазына Жылжымайтын мүлік» АҚ, және «QazaqAir» АҚ. Қор ҚР Үкіметі белгілеген Қазақстанның стратегиялық басымдықтарын дамытуды көздейді және инвесторлармен, трансұлттық компаниялармен ынтымақтаса жұмыс ңстеуге әзір.

- «Самұрық-Қазына» шетелдік инвесторларға оңтайлы әріптес боларына сенімдіміз, өйткені біз стартегиялық және қаржылық әріптес ретінде жаңа бизнестің дамуына, өз әріптестерімізге осы бизнесті табысты жүргізуге мүмкіндік береміз, - деп атап өтті Е.Тұтқышев.

Қорда инвесторларға экономиканың басым секторларындағы жобаларды ұсынатын, жаңа бірлескен жобалар жасайтын арнайы команда бар, Олар стратегиялық әріптеспен біріккен тұжырымдама жасап, табысты кейсі бар инвесторларды өз тәжірибелерін Қазақстанда қолдануға шақырады.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика