Директорлар кеңесі
  • Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі -«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы
  • Шөкеев Өмірзақ Естайұлы, Басқарма төрағасы
  • Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
  • Смайылов Әлихан Асханұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
  • Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
  • Эванс Сэр Ричард, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор
  • Мирчев Александр Васильевич, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор
  • Барон ОЛИВЬЕ ДЕКАМП, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі -«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы

1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында туды.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Алма-Ата халық шаруашылығы институтының саяси экономика кафедрасының оқытушысы болып бастады.

1988-1992 жылдар аралығында С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде жұмыс істеді, ассистент лауазымынан әлеуметтану кафедрасының доцентіне дейінгі жолды өтті.

1992 жылдан 1998 жылға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

1998 жылы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

1999 жылдан 2002 жылға дейін Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымдарында қызмет етті.

2002 жылдан 2004 жылға дейін Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

2004 жылдан 2007 жылға дейін – Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы болды.

2007 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болды.

2008 жылғы 30 қыркүйекте Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.

2012 жылдың 20 қаңтарында – Қазақстан  Республикасының  экономикалық даму және  сауда министрі   болып тағайындалды.

2012 жылдың 24 қыркүйегінен бастап – «Нұр-Отан» ХДП  Төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет етті.

2013 жылдың 16 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен  ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму  министрі болып тағайындалды.

2013 жылдың 6 қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен  ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалды.

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен  және мерейтойлық медальдармен  марапатталған.

Табиғи монополиялар саласын мемлекеттік  реттеу,  шағын және орта бизнесті дамыту тақырыптарына арналған  бірқатар  ғылыми жұмыстың авторы.

Үйленген,   екі баласы бар.

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 қыркүйегіндегі  қаулысымен «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

Шөкеев Өмірзақ Естайұлы

Басқарма төрағасы

Өмірзақ Шөкеев 1964 жылдың 12 наурызында Түркістан қаласында дүниеге келді.

1986 жылы Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдады;

1986-1988 жж.. – ҚазКСР Мемлекеттік жоспары жанындағы Жоспарлау үрдістерін автоманттадыру және басқару құрылымдарын жетілдіру ҒЗИ кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді;

1988-1991 жж.. – Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің аспиранты;

1991-1992 жж.. - Жоспарлау үрдістерін автоматтандыру және басқару құрылымдарын жетілдіру ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері;

1992-1993жж.. - ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі;

1993ж. – ҚР Президентінің Аппараты мен Министрлер Кабинетінің қаржы және еңбек бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

1993-1995 жж.. - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;  

1995 ж. қараша – 1997 ж. наурыз - ҚР Экономика министрі;

1997 ж. наурыз –қазан – ҚР Экономика және сауда министрі;

1997 ж. шілде –қазан – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары (макроэкономика, өнеркәсіптің шұғыл қызметі, сауда, көлік, энергетика, ғылым, ТМД елдерімен қарым-қатынас мәселелері жөнінде)

1997 ж. қазан – 1998 ж. сәуір - «Банк Тұран-Әлем» ЖАҚ Басқармасының төрағасы;

1998 ж. сәуір –тамыз - ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары;

1998 ж. тамыз – 2004 ж. наурыз – Қостанай облысының әкімі;

1997 ж.ақпан – қараша – ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің мүшесі; 

1997 ж.қараша-1998 ж.тамыз – ҚР тұрақты даму жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі; 

1997 ж.наурыз – желтоқсан – «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ бақылау кеңесінің Төрағасы; 

2004 ж. наурызынан бастап – Астана қаласының әкімі;

2006 ж. қыркүйек – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;

2007 ж. тамыз - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

2009 жылдың 3 наурызында Қазақстан Президентінің Қаулысымен ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары болып тағайындалды

2011 жылдың 11 сәуірінде мемлекет басшысының Қаулысымен кезекті рет ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2011 жылдың 26 желтоқсанында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының Төрағасы болып тағайындалды.

Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

1971 жылы 29 қарашада Алматы қаласында дүниеге келді.

1994 жылы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің автоматика және басқару жүйесі жөніндегі факультетін және Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын бітірді.

1994 жылы ҚР Қаржы министрлігінде өз еңбек жолын бастады.

2004 – 2006 жж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау жөніндегі вице-министрі

2006 – 2007 жж. – ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің басшысы

2007 жылы – ҚР Қаржы вице-министрі

2007 – 2010 жж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

2010 ж.наурыздан бастап – ҚР Президенттің көмекшісі

2008 жылы 17 қазанда - ҚР Үкімет №962 Қаулысына сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі ретінде енді.

2010 жылы 15 наурызда - ҚР Үкімет №201 Қаулысына сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына ҚР Президенттің көмекшісі ретінде қайта енді. 

2012 жылы 2 ақпанда - ҚР Үкімет №194 Қаулысына сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары ретінде қайта енді.

Смайылов Әлихан Асханұлы

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

1972 жылы туған. 

1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша  бітірген. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын тамамдап, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.

1993-1995 ж. – «А-Инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы. 

1996-1998 ж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы. 

1998 жылдың наурыз-сәуір аралығында Қазақстан Республикасы статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары. 

1998-1999 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде бас сарапшы, бөлімнің экономикалық секторының меңгерушісі, мемлекеттік инспектор. 

1999-2003 ж. – Қазақстан Республикасы статиститка агенттігінің төрағасы. 

2003 жылғы ақпаннан шілдеге дейін– Қазақстан Республикасы сыртқы істер вице-министрі. 

2003-2006 ж. – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы. 

2006-2007 . - Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі. 

2007-2008 ж. - «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ президенті

2008-2009 ж. – Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі. 

2009-2014 ж. – Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің төрағасы. 

2014-2015 ж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы.

2015 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.  

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталған. 

«1 рангты кеңесші» дипломатиялық рангы бар. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1113 қаулысымен Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

1980 жылы 11 сәуірде дүниеге келген.

1999 жылы «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша Қазақ Мемлекеттік Басқарма Академиясын, 2001 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Дж. Вашингтон ат. Университеті жанындағы Менеджмент және Бизнес Мектебін (АҚШ) бітірген. Бизнес Басқару Магистрі дәрежесіне ие болған. 2002 жылы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.  

2001–2002 жылдары – «Қазақстан даму банкі» АҚ бас менеджері.

2002 жылының тамыз айынан 2003 жылының наурыз айына дейін – Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің функционалдық талдау бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаментінің Инвестициялық жоспарлау және талдау басқарамасы бастығының орынбасары.

2003–2005 жылдары «Ұлттық инновациялық қоры», «Маркетингтік және талдаулық зерттеулер орталығы», «Ордабасы» Корпорациясы» акционерлік қоғамдарында басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2005–2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.

2006–2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2007–2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Вице-министрі.

2008–2010 жылдары – ҚР Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2010–2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2011–2013 жылдары – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары.

2013 жылдың 22 мамырында «Бәйтерек» ҰБХ» басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 250 Жарлығымен  Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы  17 мамырдағы № 294 қаулысымен  Ұлттық экономика министрі  ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Эванс Сэр Ричард

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор

1942 жылы 9 шілдеде Англияның Блэкпул қаласында дүниеге келді.

1960 жылы Корольдік масондық мектепті тәмамдады (Хартфордшир, Лондон).

1960 жылы – Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Көлік және технологиялар министрлігінің шарттар бөліміндегі жұмыс істеді. 

1967 жылы – Ferranti Ltd компаниясы мемлекеттік шарттар бөлімінде жұмыс істеді.

1969 жылы – «British Aircraft Corporation» (BAC) компаниясының әскери авиация бөлімінің коммерциялық менеджері. 

1978 жылы – коммерциялық директор, 

1981 жылы – «British Aerospace plc.» компаниясы басқарушы директорының көмекшісі. 

1983 жылы – басқарушы директордың орынбасары және авиациялық топтың директоры.

1987 жылы – «British Airspace plc.» компаниясының маркетинг бойынша директоры.

1988 жылы – «British Aerospace Defence Company» компаниясының төрағасы. 

1990 жылы – «British Aerospace plc.» компаниясының бас атқарушы директоры.

1992-2002 жылдар – «Airbus Industry» компаниясы Бақылау кеңесінің мүшесі. 

1998-2000 жылдар – Ұлттық Вестминстерлік банктің атқарушы емес директоры. 

1998-2004 жылдар – «BAE Systems» компаниясының төрағасы. 

2001-2008 жылдар аралығында – «United Utilities plc.» компаниясының төрағасы; Ланкашир Орталық университетінің ректоры.

2006-2008 жылдар аралығында – «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысымен Тәуелсіз директор ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Мирчев Александр Васильевич

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор

1957 жылы 28 сәуірде Болгарияның София қаласында дүниеге келді, Америка Құрама Штаттарының азаматы.

Экономикалық өсу және жаңғырту саласындағы жаһандық стратегиялық шешімдерді білдіретін компания – АҚШ Вашингтон қаласындағы «Крулл корпорейшн» президенті.

Президент Вудро Вилсон атындағы Халықаралық Зерттеу Орталығының жанындағы Қытай мен АҚШ арасындағы қатынастар мәселелері бойынша Киссинджер Қамқоршылар Институты кеңесінің мүшесі. Стратегиялық кеңесшілер тобына кіреді және АҚШ Атлант Кеңесі Президентінің аға кеңесшісі болып табылады.

Өзінің кәсіби мансабында ірі миллиардтаған айналымы бар халықаралық компаниялардың Директорлар кеңесінің төрағасы және директоры, акциялары АҚШ-тағы «NASDAQ» биржасында айналымда болатын тәуекелдерді басқару саласындағы жоғары кәсіби шешімдерді білдіретін корпорациямен бірлескен кәсіпорынның төрағасы лауазымдарын атқарды, сондай-ақ АҚШ-тағы жетекші заң фирмаларының бірінің Директоры болды. Болгариядағы нарықтық және демократиялық реформаларға белсенді қатысатынын қоса алғанда, қоғамдық-саяси қызметте біршама тәжірибесі бар.

Академиялық салада беделі бар, оның ішінде Академия Кеңесінің мүшесі және Ғылым Академиясы мен Болгария Парламенті жанындағы Ұлттық Орталықтың аға ғылыми қызметшісі, София Университетінің лекторы, Ресей Ғылым Академиясының жанындағы Еуропа Институтының жетекші халықаралық сарапшысы болды, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясының нақты мүшесі және Украина Сыртқы сауда және қаржы университетінің құрметті ғылым докторы болып табылады.

АҚШ Вашингтон каласындағы Джордж Вашингтон университетінің Ұлттық заң орталығында халықаралық және салыстырмалы құқық жөніндегі заң ғылымдарының магистрі дәрежесін және Болгария София қаласындағы Св. Климент Охридский университетінен ғылым докторы дипломын алды. Лондон Экономика және саяси ғылымдав мектебінде, Вашингтон Әлемдік саясат институтында, Бостон Университеті мен Гарвард Бизнес мектебінде халықаралық экономика және қаржы саласында маманданды.

Төрт монография мен көптеген мақалалардың авторы, академиялық және кәсіби журналдардың редакторы және басып шығарушысы болды.

2007 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің аға экономикалық кеңесшісі.
2007 жылдан бастап 2008 жылғы қазан айына дейін – «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы – тәуелсіз директор.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысымен Тәуелсіз директор ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Барон ОЛИВЬЕ ДЕКАМП

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

1950 жылы 3 шілдеде Бельгияның Лувен қаласында дүниеге келді. 

НЕГІЗГІ АҚПАРАТ

  • Жаһандық корпоративтік қаржы, дамушы нарықтар және даму саласындағы саясат саласындағы жоғары буын басшысының 40 жылдық бай тәжірибесі;
  • Сан қырлы мақсаттары бар күрделі мекемелерді және елдердің кең диапазонында басқарудың және олармен ынтымақтасудың расталған қабілеті; 
  • Нәтижелерге бағытталған екпінмен үйлесімдегі стратегиялық болжам: бизнестің бірнеше жаңа бағыттарын бастады және операциялардың жаңа елдерінде стратегиялық және ұйымдастырушылық тұрғыдан қатысуды басқарды, бұл ретте берік іскерлік және ықпалды нәтижелерді қамтамасыз етті;
  • Мультимәдениетті және географиялық тұрғыдан бытыраңқы бизнес-топтарды дамытудағы, уәждеудегі және басқарудағы тәжірибелі көшбасшылық дағдылар.

ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ЖЕТІСТІКТЕР

- Тұтастай тиісті елдік стратегияларға бақылау жасайтын ЕҚДБ (Еуропалық қайта құру және даму банкі) операцияларының барлық елдері бойынша басқарушы директор, саясат және 37 елдегі  38 млрд евро қарыз бен меншікті инвестициялық қоржынды сату мәселелері бойынша диалог;

- Бизнес-жоспарларды дәйекті және табысты іске асырудың, нарықтық және операциялық ақиқатпен үйлесетін саяси диалог пен стратегияның нәтижесінде ЕҚДБ операциялары елдерінің көпшілігін тарту мен оларды білудің жоғары жеке деңгейі. Операциялардың жаңа елдеріндегі – Сербиядағы, Косоводағы, Моңғолиядағы және Түркиядағы Банкті басқарды;

- 21 елдегі ЕҚДБ басшысының жоғары беделі; Банк мандатын бірнеше әйгілі өңірлік бастамалар арқылы ойдағыдай ілгерілетуді  (Оңтүстік Шығыс Еуропа үшін тұрақтылық пактісі, Бастапқы кезеңде өтпелі экономикалы елдердің бастамасы, шағын бизнес бастамасы) және нақты елдегі дағдарысты басқаруды қамтиды (Югославияның ыдырауы, Грузиядағы, Қырғызстандағы және Украинадағы қақтығыс);

- Қоғамдық пікірді және медиа-арналарды қалыптастыратын негізгі мүдделі тараптармен (басқа ХҚИ, ЕО, донорлар, азаматтық қоғам ұйымдары) қатар ЕҚДБ беделі мен рөлін кеңейтуге және арттыруға ықпал етті;

- Өндірістік саладағы және қызметтер саласындағы салалық сараптама;

- Халықаралық конференциялар мен форумдардың жоғары деңгейіндегі тұрақты спикер және модератор.

 

ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

1993 жылғы наурыздан 2014 жылдың шілдесіне дейін ЕҚДБ, Лондон

ЕҚДБ Атқарушы органының мүшесі, Банк қызметі жөніндегі комитеттің және Банк стратегиясы және саясаты жөніндегі комитеттің бірінші Вице-Президентіне есеп береді. 2013 жылғы қарашадан бастап Елдердің 5 Басқарушы Директорына және Банк қызметі департаментінің Шағын бизнесті қаржыландыру жөніндегі Басқарушы Директорына жетекшілік жасайтын Операциялар елдерінің Басқарушы Директоры жаңа лауазымына ие болды.

21 елдегі операциялар кезеңіне жауапты ЕҚДБ департаментіндегі үздіксіз әрі мақсатты мәнсабы.

  • Мемлекеттік және жеке секторлар саясатына бағдарлана отырып, Президент, Премьер-Министр, Министрлер және Бас директор деңгейінде негізгі қатынастарды және бизнестің барлық негізгі секторларындағы инвестициялық мәселелерді басқарды (инфрақұрылым, жергілікті шағын және орта кәсіпкерлік және төте шетелдік инвестициялар және тұрақты энергетика);
  • ЕҚДБ елдік стратегияларын құрды әрі басқарды және ЕҚДБ мандатына сәйкес олардың табысты іске асырылуына жауапкершілікте болды, оның ішінде саясат және диалог мәселелері бойынша консультациялар берді;
  • Басқа да халықаралық қаржы ұйымдарымен (ХВҚ, ДБ, ЕИБ, АДБ), ЕО, негізгі донорлармен және Кеңес акционерлерінің өкілдерімен ынтымақтастықты жақсартуға және жұмылдыруға белсенді түрде қатысты;
  • 400 қызметкерді және 37 млн фунт стерлинг болатын  жыл сайынғы бюджетін қадағалау бойынша басқаруды жүзеге асырды. 

 

1974 – 1993         ChaseManhattanBank

3 құрлықта корпоративтік қаржы және банктік қызмет саласында жаһандық мәнсабы. Күрделі және инновациялық мәмілелерді басқаруға және орындауға, корпорациялармен және кәсіпкерлермен қатынас орнатуға және командалық орындауға негізделген тұрақты бизнес-модель құруға расталған қабілеті.

БІЛІМІ

1967 - 1971: Қолданбалы экономика: Левен Католик университеті, Бельгия

1955 - 1966: Классикалық бастауыш және орта білім, Бельгия

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1113 қаулысымен Тәуелсіз директор ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Яндекс.Метрика