"ҚТЖ» АҚ: Болашаққа отандық рельспен

Қарағанды қаласында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ арасында рельс пен сортты прокат шығаратын бірлескен кәсіпорын құру туралы Меморандумға Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қарағанды облысына екі күндік жұмыс сапары барысында қол қойылды.

Ел Президентінің қатысуымен Меморандумға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Асқар Мамин мен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Бас директоры Виджай Махадеван қол қойды.

Кәсіпорын Р-65 типіндегі қазіргі заманғы теміржол жұмысына ең ыңғайлы рельстерді шығаруға бейімделеді. Бірлескен кәсіпорын «Арселлор Миттал Теміртау» базасында орналасатын болады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ қаржылай қатысуы өз қаражатын жұмсай отырып жобаның жалпы құнының 50 ℅-на тең.

Техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес бірлескен кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 400 000 т. металл өнімдерін, оның ішінде «В» типіндегі Р-65 маркалы рельстерін жылына 200 000 т. және дәл сол көлемдегі сортты прокат құрайды. Атап өтер болсақ, республикамыздың магистральды теміржол торабының өкілетті органы ретінде ҚТЖ-ның рельс өнімдеріне жылдық сұранысы - 100 000 т., сортты прокат өндірісінде 20 000 тонна. Сондықтан болашақта кәсіпорынның шығаратын өнімін экспорттауға мүмкіндік туады.

Қазақстандық маркалы рельсілер нарықтағы баламалы тауарға шын бәсекелестік тудырады деп күтілуде, себебі шикізат көздері жақын орналасқандықтан бағасы да арзанырақ болады. Сарапшылардың пікірінше, қарағандылық өнімдердің болжамды сатып алушылары – ТМД елдерінің бірқатарының теміржол рельстерін ауыстыруға сұранысы жоғары.

Қол жеткізген уағдаластыққа сәйкес, кәсіпорын 2013 жылдың аяғына қарай пайдалануға берілмек. Болат құю, прокат және қосалқы цехтар өндірістің негізі болады.

Меморандумға қол қою «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның стратегиялық серіктерінің президенттік жедел индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына белсенді қатысуын көрсететін оқиғалардың ішінде аса ерекше мәнге ие. Қарағанды облысында отандық шикізатты терең өңдеу мен нарыққа дайын өнім шығаратын тұйық цикл пайда болмақ.

Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Н.А. Назарбаев Қазақстан экономикасының индустриалды жолға қайта бағыт алуының стратегиялық маңызын атап өтті. «Біз өзге елдерге тек шикізат экспорттайтын мемлекет болып қала алмаймыз», - деп атап өтті Н. Назарбаев, – Еліміздің жедел индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы мемлекетті құраумен тепе-тең. Индустриализация – бұл біздің тәуелсіздік жылдарындағы ең маңызды жұмысымыз».

Ақпарат көзі: http://www.railways.kz/node/2076

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика