"ҚТЖ» АҚ: Локомотив құрастыру зауыты қоныс тойын жасауда

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ында еңбеккерлер қоныс тойын жасауда.

Зауыттың жалпы жиналысында ҚР теміржолшылары кәсіподағының төрағасы Оразғали Ахметбаев, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ президенті Марат Тілеубаев, «ЛҚЗ» АҚ әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясының төрағасы, Экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті Расул Қизатов кәсіпорынның 20 еңбеккеріне елордасындағы «Жарқын» тұрғын үй кешенінен пәтер кілтін табыс етті.

Марат Тілеубаев зауыт жұмысшыларын құттықтай келіп, биылғы жылы «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ еңбекерлерінің тұрғын үй жағдайын жақсарту бағдарламасына 200 миллион теңге бөлінгендігін, оған 12 бір бөлмелі, сегіз екі бөлмелі пәтер сатып алынғандығын хабарлады.

Қызметтік пәтер алуға әрбір жұмысшы тілек білдіргенімен оны зауыттың арнайы құрылған комиссиясы шешетін болады. Қазіргі таңда комиссия жұмысшылар үшін пәтерлерді жеңілдікпен сатып алудың мүмкіндіктерін қарастыруда.

Ақпарат көзі: http://www.railways.kz/node/2078

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика