"ҚТЖ» АҚ: Компанияның бастауыш партия ұйымы «Үлгі тұтатын ұйым» атанды

«НұрОтан» ХДП Сарыарқа аудандық филиалы Астанадағы Өнер академиясында 2011 жылғы бастауыш партия ұйымдарының арасында жарыс қорытындысын шығарды.

Жарыс қорытындысы бойынша Сарыарқа ауданындағы 106 кәсіпорын мен мекемелердің бастауыш ұйымдарының арасында ұйымдастырушылық белсенділігі жоғары ұйым ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бастауыш партия ұйымына «Үлгі тұтатын ұйым» атты арнайы диплом мен кубогі тапсырылды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Персоналды басқару және кадр мәселесі жөніндегі вице-президент, Бастауыш партия ұйымының төрағасы Асхат Акчурин бастауыш партия ұйымы бюро мүшелерін Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен «НұрОтан» ХДП 14 төтенше сьезі қарсаңындағы жаңа табыстарымен құттықтады.

Айта кету керек, «ҚТЖ» ҰК» АҚ бастауыш партия ұйымы соңғы екі жыл бойы Астана бойынша қатарынан «Ауыспалы вымпелді» иемденіп келсе, биылғы жылы ерекше сыйлық алды.

Қарашаның 25-інде Астанада өткізілетін «НұрОтан» ХДП кезектен тыс 14-ші сьезіне «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бастауыш ұйымынан төрт адам делегат болып отыр. Олар «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин, «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице президенті, Бастауыш партия ұйымының төрағасы Асхат Акчурин, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы –Жамбыл жол бөлімшесінің директоры Талғат Құлжабаев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы –Батыс Қазақстан облыстық жол бөлімшесінің директоры Сергей Қабдешев.

Отырыс соңында Бастауыш партия ұйымының төрағасы әріптестеріне бұл табысқа тоқмейілсімей, бұдан да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Источник: http://www.railways.kz/node/2080

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика