«Альянс Банкі» АҚ:

«Альянс Банкі» АҚ 2011 жылдың 9 айындағы ҚЕХС бойынша шоғырландырылған аудиттелмеген есебін жариялады.

2011 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдайға сәйкес, Альянс Банкінің таза пайдасы 16 602 320 000 теңге мөлшерінде бекітілді. Пайда, негізінен, 2011 жылы тамызда аяқталған мәселелі бөлшек заемдар пулын сату жөніндегі мәмілесі есебінен алынды.

Банк активтері 2010 жылғы 31 желтоқсаннан 92,6 млрд. теңгеге артып, 2011 жылдың 30 қыркүйегінде 520 143 708 000 теңгені құрады.

Банк міндеттемелері жыл басынан 11 млрд. теңгеге өсіп, 543 652 811 000 теңгені құрады.

2010 жылы 31 желтоқсандағы ҚЕХС бойынша меншікті капитал жетіспеушілігі 105 034 955 теңгеден 78 пайызға қысқарып, 23 506 104 000 теңге болды.

Бұл нәтиже капиталды қалпына келтіру бойынша бірнеше қадамды іске асыру арқылы қалыптасты. Бұларға ҚЕХС бойынша банк капиталына 60 млрд.теңге көлемінде әсері болған Банктің артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтер мөлшерін төмендету (2011 жылғы 25 тамызда Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен), банк капиталына 14 млрд.теңге көлемінде әсері болған мәселелі бөлшек заемдар пулын сату және тағы басқа шаралардың нәтижесінде қол жетімді болды.

Аталған жоспарды толығымен жүзеге асырғаннан кейін ҚЕХС бойынша «Альянс Банкі» АҚ жеке капиталы оң нәтижені көрсетіп, 8-14 млрд. теңгені құрайтын болады.

«Альянс Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Қабашев Мақсат ҚЕХС бойынша есептілік көрсеткіштерін келесідей түсіндірді:

«Біріншіден, біз, өзіміз жоспарлағанымыздай қарыздарды қайта құрылымдауды аяқтағаннан кейінгі келесі жылдың өзінде Банкті табыстылыққа алып шықтық. Бұл Банк менеджментінің даму стратегиясын дұрыс таңдағандығын көрсетеді. Бұдан бөлек, ҚЕХС бойынша капитал тапшылығы жағдайының түбегейлі өзгеруінің біз үшін маңызы зор. Бұл ретте пруденциялық нормативтерді есептеуде қолданылатын Банктің реттеуіш капиталы қайта құрылымдау аяқталған сәттен бастап, 2010 жылғы наурыз айында оң нәтижелі болды. Ағымдағы жылдың 9 айында ол 8 % мөлшерінде артып, 60 млрд. теңге мөлшерін құрады.

Бұған қарамастан, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша капитал тапшылығы орын алды. ҚЕХС бойынша капиталды қалпына келтіру жоспарын табысты жүзеге асыру нәтижесінде келесі жылдың өзінде капиталдың оң көрсеткішіне қол жеткізіп, Қазақстан экономикасын несиелендіруге арналған арзанырақ және «ұзын» ақшаларды тарту үшін сыртқы нарықтарға шығуды жоспарлап отырмыз».

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика