«Самұрық-Энерго» АҚ: Компания «Мемлекеттік тапсырыс-2012» акциясына қатысты

2011 жылдың 24 қарашасында Алматы қаласының әкімдігі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бірлесе отырып «Мемлекеттік тапсырыс-2012» акциясын өткізді.

Акцияға мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, жер қойнауын пайдаланушылардың, жүйе құраушы кәсіпорындардың, отандық тауар өндірушілері мен ШОБ өкілдері қатысты. Олардың ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның аса ірі еншілес кәсіпорындары да болды: «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «КЕГОК» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ, «ҚазПочта» АҚ, «ҚазахТелеком» АҚ.

Акция шеңберінде қазақстандық мазмұнды көтеру мәселесі бойынша Форум, 2012 жылға сатып алулар көрме-тұсаукесерлері және отандық тауар өндірушілермен дөңгелек үстел өткізілді. Негізгі баяндамашылардың қатарында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы Төрағасы Е.Е. Упушев болды, ол форум қатысушыларын 2011 жыл қорытындысы бойынша қазақстандық мазмұнды дамыту нәтижелері жайлы ақпараттандырды.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика