"ҚазМұнайҒаз» АҚ: Шымкент мұнай өндіретін зауыты (ШМӨЗ) болжанбаған кідірістен кейін жоғарғы қуатпен жұмыс істей бастады.

Электр жарығын апаттық ажырату салдарынан болған болжамсыз кідірістен кейін Шымкент мұнай өндіретін зауыты жоғарғы қуатпен іске қосылды, - деп хабарлайды ШМӨЗ баспасөз қызметі. 

29 қарашадан бастап зауыт жоғары октанды жанаржағармайдан (АИ-92 және АИ-96) басқа жоғары өнімділікпен жаңа мұнай өнімдерін шығаруда. 

Апаттық тоқтаудың кері әсері нәтижесінде риформинг катализаторының белсенділігін қалпына келтіруге байланысты жоғары октанды жанаржағармайды шығару әлі мүмкін емес. «Риформинг катализаторының белсенділігі қалпына келгеннен кейін зауыт жоғары октанды жанаржағармай маркаларын шығаруды бастайды»,- деп мәлімдеді компания басшылығы. 

Жалпы тиелім мөлшері зауыттың іске қосылу уақытынан бастап, 2011 жылдың 29 қарашасына дейін, АИ-80 бойынша – 2 580 тонна, дизельді отын бойынша – 20 617 тоннаны құрады.

Еске сала кетсек, 27 қарашада Шымкент мұнай өндіретін зауытында бір сағат бойы электр жарығы ажыраған. Осыған сәйкес зауыт қызметін уақытша тоқтатты. «Бұл оқиғаның салдары мен кері ықпалы кәсіпорынның алдағы жұмысына да әсерін тигізеді», - деп хабарлады ШМӨЗ өкілдері.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика