"ҚазМұнайҒаз» АҚ: Компания геологиялық барлау жұмыстарын 2012-2016 жылдары дамыту перспективасы мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізді

Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Болат Ақшолақов және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ барлау және өндіру жөніндегі басқарушы директоры Алик Айдарбаев ҚМГ компаниялар тобының кеңейтілген кеңесін өткізді, онда геологиялық барлау қызметінің 2011 жылғы қорытындысы шығарылды және 2012-2016 жылдарға арналған жоспарлар қаралды.

Кеңесте «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және еншілес ұйымдарының геология саласының қызметкерлері, еліміздің ғылыми жұртшылығының өкілдері қатысты.

2008 жылдан 2011 жылға дейін геологиялық-барлау жұмыстарына, соның ішінде бұрғылау және сейсмикалық-барлауға 121 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалғаны айтылды.

Ал 2012-2016 жылдар кезеңінде геологиялық-барлау жұмыстарына 557 млрд. теңгеден астам қаражат, соның ішінде 435 іздестіру-барлау ұңғымаларын бұрғылауға және 12024 кв.км 3Д көлеміндегі сейсмикалық барлауға 499 млрд. теңге жұмсау жоспарланып отыр.

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы жобаларда («Н», «Жамбыл», «Сәтпаев», «Махамбет», «Бөбек» және т.б.) бұрғылау, іздестіру-барлау ұңғыларының ауқымды көлемі жоспарланып отыр. Сонымен қатар жаңа инвестициялық жобалар («Абай», «Исатай», «Шағала», «Үстірт») бойынша жұмыс басталмақшы.

- Геологиялық қызметтің рөлін арттыру, геологиялық бейінді мамандар дайындау, жаңа геология-геофизикалық және геологиялық-кәсіпшілік зерттеулерді дамыту маңыздылығын асыра бағалау қиын. Біз Қазақстанның ірі мұнай-газ жобаларындағы жобалық шешімдердің іске асырылуының геологиялық мониторингін күшейтуіміз керек, - деді Болат Ақшолақов.

Кеңес барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының геологиялық қызметтерінің кеңесі барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас геологы Қ.Исқазиев, «Қазақ мұнай-газ институты» АҚ бас директоры Ұзақбай Қарабалин, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ барлау жобалары жөніндегі басқарушы директоры Ағзам Қудранов, «Меридиан Петролеум» компаниясының президенті Балтабек Қуандыков және т.б. баяндама жасады.

Кеңес қорытындысы шығарылып, геологиялық барлауда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды күшейту, талдамалы-түсіндіру орталығын құру, керн материалдарының зертханалық зерттеулерінің, тиімді геологиялық-техникалық шараларды жолға қою мақсатында ұңғымалар зерттеулерінің көлемін ұлғайту жөнінде шешім қабылданды.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика