"ҚТЖ» АҚ: Мемлекет Басшысының тапсырмасымен салынып жатқан көлік инфрақұрылымы нысандарының дайындығы тексерілді

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Қазақстан Премьер министрінің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Есекешев пен ҚР көлік және коммуникациялар министрі Берік Қамалиев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Мемлекет Басшысының тапсырмасымен Алматы облысында салынып жатқан көлік инфрақұрылымы нысандарының дайындығын тексерді.

Негізгі нысандарды іске қосу мен тұсаукесер рәсімі биылғы жылғы желтоқсанның 9-ында Индустрия форумы аясында өткізіледі.

Жобаның басы қасында Қазақстан мен Қытайдың басшылары тұрды. 2006 жылғы желтоқсанның 20-сында Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың ҚХР-на мемлекеттік сапары аясында ҚР Көлік және коммуникациялыр министрлігі мен ҚХР Темір жол министрлігі арасында ҚР мен ҚХР теміржолын Қорғас (ҚР) станциясы мен Хоргос (ҚХР) арқылы жалғастыру үшін құрылысын жүргізу турасындағы Меморандумға қол қойылды.

Бұл жол Қазақстанның көлік жүйесін дамытудағы республиканың транзиттік әлеуетін пайдалануда үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.

Құрылыс барысында бес мың жұмыс орны ашылды. Ол іске қосылғанда 2055 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Жол рекордтық қысқа мерзімде салынды. Магистралдың қазақстандық бөлігін салу 2009 жылғы тамыздың 3-інде басталған болатын. Осы мерзімде отандық мердігерлік ұйымдар 293 шақырым жол салды.

5 станция, 9 жол айырғы, 28 көпір, екі суағар тұрғызды. Оптикалық талшықты байланыс желісі тартылды. Алтынкөл шекаралық станциясы мен жол айырықтарында қызметтік-техникалық ғимараттар тұрғызылды.

Қазіргі уақытта әлеуметтік нысандар тұрғын үйлер, балабақшалар, мектеп, жатақханалар, медициналық орындар салынуда. «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қазақстанның көліктік-логистикалық жүйесін дамыту тұжырымдамасы мен ҚТЖ базасында ықпалдасқан көліктік –логистикалық операторлық қызметі туралы баяндады. Мемлекет Басшысының тапсырмасымен салынып жатқан нысандардың дайындығын тексеру барысында «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының жаяу жүргіншілерге арналған өткелі ашылды. Ол арқылы екі елдің азаматтары өтетін болады. Жолдың ашылу рәсіміне қытай тарабынан ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Чжан Дэцзян қатысты.

2011 жылы «Қорғас» ХШЫО нысандары іске қосылды. Тәулігіне он мыңнан астам адамды өткізе алатын тексеру-өткізу бекеті салынды. 23 шақырымдық автожол, автокөпір, төрт туннел, басқа да шекаралық- кедендік инфрақұрылымға қажетті нысандар тұрғызылды. Орталық іске қосылғаннан бастап инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен туристік жобаларды жүзеге асыруға қолайлы ахуал жасалған.

«Жетіген-Қорғас» темір жол желісінің құрылысы аяқталуына орай және «Қорғас» ХШЫО пайдалануға берілуі болашақта «Қорғас- Шығыс қақпасы» индустриялық – логистикалық Хабтың белгілі бір кезеңі болып табылады.

Қызмет бабындағы тексеру барысында ҚР Премьер министрінің орынбасары көліктік инфрақұрылымның дайындығына жоғары баға берді.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика