«Альянс Банк» АҚ: Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050004, Фурманов көшесі, 50 мекенжайы бойынша орналасқан «Альянс Банкі» акционерлік қоғамы, 2011 жылғы 30 қарашада өткен «Альянс Банкі» АҚ акционерлерінің Кезектен тыс Жалпы жиналысының дауыс беру қорытындылары туралы төмендегіні хабарлайды:

Акционерлердің Кезектен тыс Жалпы жиналысының күн тәртібі бойынша төмендегі мәселе қаралды:

1. Банктің ең төменгі резервтік капиталды құрастыру бөлігінде өткен 2010 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы.

Жиналысқа қатысушы және тіркеуден өткен Банк акционерлері және акционерлердің өкілдері Банкінің дауыс беруші акцияларының жалпы санының 97,13% құрайтын 9 237 910 (тоғыз миллион екі жүз отыз жеті мың тоғыз жүз он) дауыс беруші акцияларын ұсынды.

Дауыс беруге 9 237 910 (тоғыз миллион екі жүз отыз жеті мың тоғыз жүз он) дауыс қатысты.

«Альянс Банкі» АҚ акционерлерінің Кезектен тыс Жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелерінің дауыс беру қорытындылары бойынша төмендегі шешім қабылданды:

1. Дауыс беру қорытындылары бойынша көпшілік дауыс шешті:

«Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында 2010 қаржы жылын «Альянс Банкі» АҚ резервтік капиталын құрастыру бөлігінде ғана «Альянс Банкі» АҚ таза табысын бөлу тәртібі бекітілсін:

- «Альянс Банкі» АҚ резервтік капиталын өткен 2010 қаржы жылы үшін «Альянс Банкі» АҚ бөлінбеген таза табысынан 33 500 млн. теңгеге ұлғайтуға».

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика