"ҚазМұнайГаз» АҚ: The Rompetrol Group румын жерінде бұрғылау жұмыстарына кірісті

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ The Rompetrol Group (100% еншілес компания) өз бұрғылау қондырғысын пайдаланып, Филипешть де Пэдуре елді мекені маңында (Прахова өңірі) Румыниядағы бірінші ұңғыманы бұрғылауға кіріскенін хабарлайды. Осы жобаға салынған инвестициялар құны 8,5 млн. АҚШ долларынан асады.

Осы операция Румыния аумағында бұрғылау қызметтерін көрсетуге Rompetrol S.A. мен OMV Petrom арасында бекітілген төрт жылдық келісім-шарттың бөлігі болып табылады. Үстіміздегі жылдың маусым айында жалпы құны 29 млн. АҚШ доллар (21,7 млн. еуро) сомасына бекітілген келісім-шарт көпшілікке ашық тендер нәтижесінде Rompetrol S.A.-ға берілді.

- Негізінде инвестициялар жаңа жоғары тиімді бұрғылау қондырғысы –компанияның ел аумағындағы бірінші қондырғысын сатып алуға салынған еді. 15 елде мұнай ұңғымаларын бұрғылау және қызмет көрсету қызметтері саласында 35 жыл бойы атқарылған жұмысымыздың арқасында жиналған тәжірибе бізге келешекте профильдік қызметімізді ішкі нарықта, сондай-ақ, Қара теңіз аймағында дамытуға мүмкіндік береді, - деп атап айтты Rompetrol S.A. бас директоры Георге Джеорджеску.

Бұрғылау қондырғысын UPET S.A. (Тырговиште қаласы) және IMUT S.A. (Морени қаласы) румын компаниялары жасап шығарған және NorDrill норвегиялық компанияның үстіңгі жетек жүйесімен жабдықталған. Бұл қондырғы 160 метрлік тонна ілгекке салынатын статикалық қуатқа ие әрі оны 2 500 метр тереңдікте пайдалануға болады.

Upstream The Rompetrol Group бизнес бөлімшесіне барлау және өндіру, мұнай ұңғымаларын бұрғылау саласындағы жобаларда мамандандырылатын Rompetrol S.A. компаниясы (1974 жылы құрылған), сондай-ақ, ұңғымаларға қызмет көрсету (цементтеу, бекіту және құрастыру қызметтері, ынталандыру, сынау, бақылау-өлшеу қызметтері, ұңғымаларды орнату және т.б. ) саласында қызметін жүзеге асыратын Rompetrol Well Services компаниясы (1951 жылы құрылған) кіреді.

Rompetrol S.A. компаниясы Халықаралық бұрғылау мердігерлері қауымдастығының (IADC) және Румынияның бұрғылау мердігерлері қауымдастығының (ACFR) мүшесі болып табылады.

Ұңғымаларды бұрғылау және күрделі жөндеу қызметтерін көрсету саласында 35 жылдан астам тәжірибеге ие болып, Rompetrol S.A. компаниясы Ливия, Мысыр, Ирак, Сирия, Қазақстан Республикасы, Эквадор, Алжир, Иордания, Кувейт, Марокко, Судан, Үндістан және Грекия сияқты елдерде қызмет етті.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика