"ҚазМұнайГаз» АҚ: Қазақстан Қырғызстанға қосымша 10 млн.текше метр газ жібереді.

Қырғызстан Республикасының Премьер-министрінің міндетін атқарушы Омурбек Бабанов пен Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қырғызстанға қазақстандық газды тағы да жіберуге келісті. 

«Бүгін, яғни 5 желтоқсанда мен Кәрім Мәсімовпен телефон арқылы келіссөз жүргізіп, нәтижесінде қосымша 10 млн.текше метр газ жіберу туралы бітімге келдік. Бұл халықты газбен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады О.Бабанов.

Премьер-министрдің міндетін атқарушы мекемелерге халыққа үздіксіз газ беру туралы тапсырма берді. «Электрические станции» ашық акционерлік қоғамына Бішкек жылу электр стансасын көмірмен қамтамасыз ету үшін Қазақстан тарапымен жартылай вагондар санын көбейту туралы келісу тапсырылды. 

О.Бабанов атап өткеніндей, алдын ала жөндеу жұмыстарын іске асырғанда жоспарланған іс-шаралар мен жарық немесе газды уақытша ажырату туралы хабар халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алдын-ала таратылуы тиіс.

Негізінен, 1 желтоқсан күні Қазақстан Қырғызстанға газ жіберуді шектеген. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқару директоры Данияр Берлібаев Twitter-дегі бетінде мәлімдегендей, Қырғызстанға газ жіберуге шектеу ҚР оңтүстігін үздіксіз газбен қамтамасыз ету мақсатында енгізілді. «Өзбекстаннан жеткізу қалпына келгенде – қосамыз. Алдағы күндердің ішінде», - деп уәде берді Д.Берлібаев. 

Қазақстандық газды жеткізуге қойылған шектеу салдарынан Бішкек халқына газ беру көлемдері азайды, ал 30 кәсіпорын жылусыз қалды. 

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Қазақстан Қырғызстанға табиғи газды 1 мың текше метр үшін $195 бағасымен жеткізе бастады. ҚР Үкімет басшысы К.Мәсімов пен Қырғызстанның бірінші вице-премьері О.Бабанов арасында бекітілген келісімге сәйкес, Қазақстан 240 млн.текше метр газ жеткізеді. Бір айтары, Өзбекстан Қырғызстанға газды бір мың текше метр үшін $305 бағасымен сатады, өзбекстандық газ елдің оңтүстігіне жіберіледі. 

Сатып алудағы бағаның айырмасына қарамастан, солтүстік және оңтүстік тұтынушылары үшін тарифтер бірдей деңгейде деп айтуға болады.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика