"ҚазМұнайГаз» АҚ: Дүниежүзілік мұнай кеңесінің атқару комитетінің келесі отырысы Астанада өтеді.

Дүниежүзілік мұнай кеңесінің (ДМК) атқару комитетінің кезекті отырысы Астанада 2012 жылдың қарашасында VII Kazenergy Еуразиялық форумы аясында өтеді. 

ДМК атқару комитетінің кезекті отырысын Астанада ұйымдастыру туралы шешім осы күндері Дохада (Катар) өтіп жатқан 20-шы Дүниежүзілік мұнай конгрессінде қабылданды, - деп хабарлады Kazenergy қауымдастығының баспасөз қызметі.

Конгресске Қазақстан тарапынан Kazenergy қауымдастығы мен «ҚазМұнайГаз» АҚ қатысуда. 

Қазақстандық делегация өз жұмысын ДМК ұлттық комитеттерінің отырысына қатысудан бастады, онда атқару комитетінің мүшелері мен ұйымның келесі президенті сайланды. Алдағы үш жылдың ішінде ДМК президентінің қызметін Рэндал Госсенаның орнына Бразилиядан шыққан Ренато Тадо Бертани атқаратын болады, - делінген мәліметте. 

Дүниежүзілік мұнай кеңесі (World Petroleum Council) 1933 жылы қаланған, оған 60-тан астам мемлекет мүше. 2008 жылы Қазақстан Kazenergy қауымдастығының бастамасы бойынша ДМК құрамына енді.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика