«Альянс Банк» АҚ: Fitch Ratings банктің рейтингін растады

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Альянс Банкі» АҚ-ның «В-» шетел және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін (ЭДР) «Тұрақты» болжамымен растады.

Сонымен қатар, Fitch Ratings «B» шетел валютасындағы қысқа мерзімді ЭДР, «E» жеке рейтингін, «5» қолдау рейтингі, «B-» ұзақ мерзімді ЭДРқолдау деңгейі, «B-» артықшылықты қамтамасыз етілмеген борыш рейтингі, «RR4» активтердің қайтымдылығы рейтингі, «СС» бағынышты борыш рейтингі, «RR6» активтердің қайтымдылығы рейтингін растады.

Агенттік баспасөз мәлімдемесінде келесіні атап көрсетті: «Fitch Альянс Банкі эмитент дефолтының рейтингісінде Қазақстан билігі тарапынан қолдау табу мүмкіндігін қалай бағалайтынын көрсетеді. Бұл пікір ең алдымен банктің негізгі меншік иесі мемлекет екендігіне негізделген».

Сонымен қатар, Fitch Ratings мәлімдемесінде егер ары қарай да Альянс банкіні капиталдау айтарлықтай жақсаратын болса және таяудағы түсімділіктің оң үрдістері жалғаса беретін болса, банк тұрақтылығының рейтингі өсуі мүмкін екендігі атап көрсетілді.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика