"ҚТЖ» АҚ: «Қорғас –Шығыс қақпасы» АЭА тұсаукесері өткізілді

Желтоқсанның 7-сінде Алматыда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Ұлттық көлік және логистика орталығын дамыту» АҚ ұйымдастыруымен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА ашылуына байланысты семинар –кеңес өткізілді.

Кеңес жұмысына мемлекеттік орындар, ұлттық компаниялар, қауымдастықтар, қоғамдық бірлестіктер, көлік компанияларының өкілдері қатысты.

«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА тұсаукесері кезінде жобаға тұрақты қатысушыларды тіркеуден өткізу, кедендік және салықтық үйлестіру жұмыстары талқыланды.

Семинар кеңеске қатысушылармен ҚР көліктік логистикалық желісін дамытудың шеберлігін шыңдау жолдары қамтылды. Көлік –логистикалық қызметті дамыту кезінде оны әлемдік сапалық деңгейге көтеру, ел аумағы арқылы транзиттік тасымалды арттыру жайлары қарастырылады.

«Қорғас- Шығыс қақпасы» АЭА жобасы Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша стратегиялық басымдық берілген қызмет түрі. АЭА Еуразиялық құрылықтың ең қолайлы бөлігі Алматы облысының Панфилов ауданы аумағында орналасқан. АЭА тобына «Қорғас» ХШЫО, сауда көрмелік желі, келісім алаңдары, құрғақ жүк порты, көліктік- логистикалық кешені, индустриялық аймақ, бірқатар өндіріс орындары кіреді.

Кеңесте айтылғандай, АЭА-тың басымдық берілген тұстары өңірдің географиялық орналасуын тиімді пайдалану, өнеркәсіптік кластерді жүзеге асыру, халықаралық әріптестікті барынша дамыту көзделеді.

Ақпарат көзі: http://www.railways.kz/node/2126

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика