«KEGOC» АҚ: Қор нарығына шығуға даярлық жұмыстарының алғашқы кезеңін аяқтады

«KEGOC» қор нарығына шығуға даярлық мақсатында кеңесші компаниялар іріктеу үдерісін аяқтады. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және бағынысты ұйымдарының акциялар пакетін құнды қағаздар нарығына шығару бағдарламасына сәйкес 2011 жылғы 6 – 8 желтоқсан аралығында «KEGOC» АҚ IPO-ға шығу мәселелері бойынша кеңесшілермен бастапқы кездесуін өткізу үстінде.

«Citi», «Halyk Finance», «Chadbourne&Parke LLP», «Deloitte» секілді халықаралық және отандық жетекші консалтинг компаниялар «KEGOC» АҚ кеңесшілері ретінде іріктеліп алынды. Жоғарыда аталған компаниялардың өкілдері «KEGOC» АҚ басшылығымен бірлесе компанияның инвестициялық тартымдылығына бағалау жүргізеді, іс-шаралар жоспарын әзірлейді, сондай-ақ бастапқы Инвестициялық меморандум мәністерін талқылайды.

Ұлттық компанияларды қор нарығына шығару бойынша бағдарлама әзірлеу туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» ХДП-ның 2001 жылғы 11 ақпандағы ХІІІ съезі барысында тапсырма берген болатын. Үстіміздегі жылдың 8 қыркүйегінде ҚР Үкіметінің Қаулысымен Бағдарлама бекітілді, соған сәйкес «KEGOC» АҚ «Халықтық IPO»-ға үміткер ретінде таңдалып алынды. Аталған бағдарлама мақсаты ҚР азаматтарына отандық жетекші компаниялардың акцияларын сатып алу мүмкіндігін беру, қазақстандық қор нарығын дамыту, Қазақстандағы ірі ұлттық компаниялар қызметінің ашықтығын, тиімділігі мен бәсекеге қабілеттігін арттыру болып табылады.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика