«Самұрық-Қазына» АҚ кеңейтілген отырысында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы А.Сатқалиевтің баяндама тезисі

Назарларыңызға «Самұрық-Энерго» АҚ презентациясын ұсынуға рұқсат етіңіздер.

«Самұрық-Энерго» АҚ 2007 жылдың 10 мамырында Қазақстандық холдинг «Самұрық» (қазіргі кезде «Самұрық-Қазына» АҚ) құрамына кірген энергетикалық активтерді бірігу мақсатымен құрылды.

Компанияның негізгі мақсаты – корпоративтік басқаруды оңтайландыру, Қазақстанда жасаушы қуаттың құрылысы мен ұзақ мерзімді жаңарту бағдарламасын құру және жүзеге асыру.

Слайд 2. Компанияны дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары:

1.     Балқаш ЖЭС құрылысы;

2.     Алматы энергокешенін дамыту;

3.     Екібастұз көмірді пайдалану негізінде отын-энергетикалық кешенді дамыту;

4.     Жаңартылатын қуат көздерін меңгеру.

Слайд 3. «Самұрық-Энерго» АҚ құрамына: 6 электр стансасы (ТЭЦ-1,2,3 есебімен); 6 су электр стансасы: 2 әрекеттегі су электр стансасы, 3 концессиядағы СЭС және 1 құрылыстағы СЭС; 2 электржелілік компаниялар, 2 көмір разрездері.

Сөйтіп, «Самұрық-Энерго» АҚ – қазіргі кезде бұл аса ірі, көп профильді, Қазақстанның энергетикалық холдингі.

Слайд 4. Қазір «Самұрық-Энерго» АҚ басқармасында 19 компания бар: бірінші деңгейдегі 16 компания, 3 компанияны жанарма қатысу арқылы басқарады. 

Бірінші деңгейдегі «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС компаниясы «Самұрық-Энерго» АҚ сенімді басқармасында, ал «ҚазҚуат» АҚ және «ҚМГ-Энерго» АҚ компаниялары бойынша ыдырату шешімі қабылданды, ал «СамұрықЭнергоСтройСервис» ЖШС компаниясы ерікті ыдырауға дайындалуда.

Екінші деңгейдегі компаниялар арасында:

1.     «АлЭС» АҚ акцияларын «Самұрық-Энерго» АҚ меншігіне алу жұмыстары жүрзізілуде (қазір 37,3% акциялары бар).

2.     «АЖК» АҚ-нан «Ақтөбе ЖЭО» алу жоспарлануда  

Слайд 5. Активтердің арнаулы құрылымға ауысуға арналған келесі шаралар орындалды:

1.     «Екібастұз энерго орталығы» АҚ еншілес компанияның ерікті ыдырау үрдісі аяқталды.

2.     «ҚазҚуат» АҚ және «ҚМГ-Энерго» АҚ компаниялары ыдырау сатысында (компанияларда салық тексерісі өтуде)

3.     Ыдыратылған компаниялардың ішінен «Самұрық-Энерго» АҚ меншігіне келесі компаниялар кірді:

51%  акция - «Мойнақ СЭС» АҚ және «ҚазҚуат» АҚ меншігінде болған 100% акция – «Шардара СЭС» АҚ;

100% қатысуымен «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС және «ҚМГ-Энерго» меншігінде болған «СамұрықЭнергоСтройСервис» ЖШС жарғылық капиталдарында;

4.     «АЖК »АҚ еншілес компаниясында «АлЭС» ЖШС 37,4 акциялары алынды (қалғаны 2012 жылы алынбақ)

Слайд 6. «Самұрық-Энерго» АҚ активтердің арнаулы құрылымы бірінші деңгейдегі 16 компаниядан (Қор бойынша олар 2 деңгейдегі компаниялар) құралады. Тек қана «Богатырь Комир» ЖШС «Forum Muider B.V.» АҚ арқылы жанама қатысуды сақтайды.

Слайд 7. Компания активтерді оңтайландырмақ:

«Ақтөбе ЖЭО» Активтерді оңтайландыру себебі:

1.     Компанияның табысы төмен;

2.     «Самұрық-Энерго» АҚ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қаражат керектігі;

3.     Ақтөбе ЖЭО - «Самұрық-Энерго» АҚ аймағынан тыс қызмет атқаратын жергілікті станса болып табылады;

4.     Станса жылыту тәртібінде жұмыс істейді;

5.     «Ақтөбе ЖЭО» АҚ инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қаражат керек.

Слайд 8. «Маңғыстау ЖЭК». Оңтайландыру себептері:

1.     Компанияның төмен тиімділігі.

2.     «Самұрық-Энерго» АҚ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қаражаттың қажеттілігі.

Слайд 9. Компания «Самұрық-Энерго» АҚ аймағының тысында өз кызметін атқарады (оңтүстік және солтүстік аймақ). Электрэнергияны жасайтын «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компанияларымен ықпалдастығының болмауы.

Қазіргі кезде «Самұрық-Энерго» АҚ әлеуметтік нысандары бар: конақ-үй кешендері, санаторий, асханалар, демалыс орындары, бала бақшалар және балалар лагерьлері.

2011 жылы бойынша электрэнергияны өндіру 13 397 млн. кВт.сағ құрды, ал бұл жоспарланған деңгейден 5%-ға асты. Өткен жылмен салыстырғанда 5,6% -ға арта түсті. Бұл «Станция Экибастузская ГРЭС-2» АҚ, «Алматинские электрические станции» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ, «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ сияқты жасаушы қуаттын арттыру есебінен болды.

Слайд 10 және 11. Есеп кезең бойынша жылу энергияны өндіру көлемі 7 755 мың Гкал болып шықты.

«БогатырьКомир» ЖШС көмірін өндіру және жүзеге асыру 40,6 млн. тонна құрады, ал бұл жоспар бойынша 1%-ға, өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға өсті.

Слайд 10 және 11. Компанияның 2011 жылдың қызметінің корытындысы бойынша негізгі қаржы стратегиялық көрсеткіштері жоспарланған деңгейін арта түсті.

ROACE көрсеткіші 7,91% құрды, бекітілген жоспар бойынша 6,74%. Көрсеткіштің өсуі таза табыстың өсуімен байланысты.

EBITDA margin көрсеткіші 2011 жыл бойынша 18% құрды, бекітлген жоспар бойынша 15%. Көрсеткіштің өсуі EBITDA көрсеткіштің өсуімен байланысты.

2011 жыл бойынша жалпы табыс 88 423 млн.теңге болып шықты (бекітілген жоспар бойынша – 110 116 млн. теңге). Өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға өсті.

Шығынның жалпы құны 81 299 млн. теңге немесе жоспарға сәйкес 79%.

Табыс 15 273 млн теңге болып шықты, жоспардан 28%-ға көп. Өткен жылмен салыстырғанда 41%-ға артты.

Слайд 12. Компания ҮИИДМБ бағдарламасына кірген келесі жобаларды жүзеге асырады:

1.     Балқаш ЖЭС құрылысы

2.     Мойнақ ГЭС құрылысы

3.     Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және қайта құрылысы

4.     Шардара СЭС жаңарту

5.     «АЖК» АҚ қосалқы стансалардың құрылысы

Слайд 13-19. Балқаш ЖЭС құрылысы

2012 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында 2012 жылы Балқаш ЖЭС салу туралы қажеттігін айтты.

Жоба бойынша көп жұмыс істелді. 2011 жылдың тамыз айында Балқаш ЖЭС жобасы бойынша Қазақстан мен Корея арасында келісім жасалды. Дайындық кезеңдегі объектілерде құрылыс жұмыстары мен жобалық-сметалық құжаттама жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге жоба бойынша заң, қаржы және техникалық кеңесшілердің нәтижелері ұсынды.

Бүгінге Кәріс Консорциуммен (KEPCO, Samsung) негізгі жобалық келісімдер үйлестірілді және парафирленді – Рамалы Келісім, акцияларды сауда-саттық келісімі және акционерлердің келісімі.

2012 жылы жоғарыда айтылған келісімдерге қол қойылмақ, сонымен бірге ЕРС-мердігерді таңдау бойынша халықаралық ашық тендер өтеді.

Слайд 20. Мойнақ СЭС құрылысы

Оңтүстік Қазақстанда электр қуатының жетіспеушілігін жабатын Мойнақ СЭС құрылысының жобасы аяқталуына жетіп барады.

Жобаның үшінші кезеңді қаржыландыру үшін 2011 жылдың маусымда «БРК» АҚ және «Мойнақ СЭС» АҚ арасында 12 285 млн. теңгеге Қарыз беру шарты жасалынды, және де оны меңгеру де басталды.

Сонымен бірге ҚР Табиғи монополияларды реттейтін агенттігі «Мойнақ СЭС» АҚ үшін 7,40 теңге/кВтсағ мөлшерінде жеке тарифке келісті. Көрсетілген деңгей стансаның өтімділігін және алынған қарыздарға қызмет етуін қамтамасыз етеді.

№1 су агрегаты бойынша жұмыстар аяқталды, №2 су агрегаты бойынша жабдықтарды құрастыру өтуде. Бестөбе су қоймасының толтыруы болып жатыр. Жобаның графигі бойынша толық жобалық қуатқа шығуы 2012 жылдың тамыз айында жоспарлануда.

Слайд 21. Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және қайта құрылысы.

Қазіргі кезде осы жоба бойынша бірінші кезектегі құрылыс жұмыстары өтуде.

2010 жылы ақпанда бекітілген Жүзеге асыру кестесі бойынша үшінші энергия логты 2013 жылы желтоқсанда іске қосу ҚР және РФ Президенттерінің жарлығымен 2014 жылдың желтоқсанына ауыстырылған.

Сонымен бірге Президенттердің жарлықтарын орындау мақсатымен жоғарлатылған параметрлерімен жабдықтарды жеткізуге арнайы техникалық есептер құрылды.

Жобаны қаржыландыру бойынша «СЭГРЭС-2» АҚ, ВЭБ және ЕАБР несиелік келісім жасалды. Қаржыландыру ағымдағы жылдың соңына дейін болады.

Слайд 22. Шардара СЭС жаңарту өз қаражаты арқылы қоқым тұтқыр тор салынды, трансформаторларды күрделі жөндеу жүргізілді.

Қазіргі кезеңге дейін Жобаның жүзеге асуы Шардара СЭС өз қаражаты арқылы өтуде. 2012 жылдың 1 қаңтар бойынша Шардара СЭС қоқым тұтқыр торлар салынды, трансформаторлардың күрделі жөндеуі жүргізілді, орналастырушы жабдық өзгертілді, жалпы құны 2,6 млрд. теңгені құрайтын компрессорлық станса, крандар және май тазартқыш жабдықтар  құрылды және орнатылды.

KfW және Шардара СЭС арасында жасалынған Несиелік келісім бойынша қарызды қаржыландыру «БТА Банкі» АҚ және «Альянс Банк» АҚ қаржыландыру міндеттемелерін орындамау себебімен тоқтатылды. 2011 жылдың тамық айында KfW келісім жасағаннан кейін, банктен басқа қаржыландыру институттарын тарту туралы келісім хат келді.

2011 жылдың 21 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» АҚ Инвестициялық-инновациялық комитетінің отырысы барысында жобаның қаржыландыру көзінің өзгертілуі қабылданды.

2011 жылдың 29 желтоқсанында ЕБРР және «Шардара СЭС» арасында қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша мандатқа қол қойылды. Қазіргі кезде ЕБРР қызметкерлері мен кеңесшілері стансаның қаржы, техникалық және экологиялық сараптамасын жүргізуде.

Жобаны жүзеге асырудың өзгертілген кестесі бойынша ЕБРР және «Шардара СЭС» АҚ арасында Несиелік келісімнің жасалуы 2012 жылдың 1 сәуірге дейін жоспарлануда және ЕРС-мердігерді таңдау бойынша екі кезең тендер өтпек.

Слайд 23-25. АЖК қосалқы стансаларының құрылысы.

Азиаданың барлық қосалқы стансалары (ҚазМУ, Медеу, Шымбұлақ, Еременсай) 2010 жылдың қазан айында іске қосылды. Азиаданың қосалқы стансаларын салу арқылы 832 МВА жаңа трансформаторлық қуат қосылды. Құрылысты қаржыландыру Республикалық бюджет арқылы жүзеге асты. Қосалқы стансалар бойынша мемлекеттік комиссиялардың актілеріне қол қойылды.

5 қосалқы станса жобалары бойынша Кенсай, Отырар, Алатау, Жаңа 16 қосалқы стансалардың құрылысы жүзеге асыруда. Инвесторлардың күшімен ҚС Топливная аяқталды. 2011 жылдың қарашасында Новая 16 ҚС іске қосылды, сонымен бірге метрополитеннің энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін Отырар және Алатау ҚС.

Жобаларды қаржыландыру республикалық бюджет пен ҚР ұлттық қордың қаражатымен жүзеге асады. Кенсай ҚС сметалық құнының өсуіне байланысты ҚР республикалық бюджеттен қосымша қаржыландыру қажет.

Алтай, Мамыр, Новая №3А стансаларының салу жобалары бойынша 2009 жылдың сметалық құны бойынша республикалық бюджет арқылы 7,5 млрд. теңге бөлінеді. 2011-2013 жылдарына арналған құн бойынша сметалық құнның өзгерісі мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Сметалық құнның өсуіне байланысты ҚР республикалық бюджетінен қосымша қаржыландыру қажет.

«Самұрық-Қазына» АҚ бастамасымен қазан мен желтоқсан аралығында «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративті басқару жүйесінің диагностикасы өтті.

Слайд 26. 2011 жылдың қорытындысы бойынша корпоративті басқару деңгейі 22 пайызға өсті.

Слайд 27. «Самұрық-Энерго» АҚ инвестициялық жобалар бойынша сұрақтар.

ҚР Республикалық бюджеттен қаражаттың бөлінуі.

Бұл сұрақ бойынша, біріншіден, Балқаш ЖЭС құрылысына Республикалық бюджет бойынша 2013-2016 жылдарына 29,2 млрд. теңге бөлінуі керек.

Бұдан басқа, қарызды қаржыландырудың мүмкінсіздігі себебімен Алматы энергия кешені жобалары бойынша Қаскелен ҚС, Турксіб, ЖЭО-2 құрылысын да қаржыландыру қажет.

Қуат нарығы бойынша заңнаманы қабылдау.

Энергетикада Балқаш ЖЭС жобасы сияқты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қуат нарығын құру өте маңызды.

Қуат нарығын енгізу электрлік қуатты сатып алу жөніндегі ұзақ мерзімді келісімдерді жасау жолымен салынған инвестицияларды кепілді түрде қайтаруды қамтамасыз етеді. Ал бұл энергетика саласына инвестицияларды белсенді түрде тартуға көмек етеді.

 «ЖГРЭС» АҚ дотациясы

ҚР Үкіметі қорынан «Жамбыл ГРЭС» АҚ үздіксіз жұмысына 3 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат ағымдағы жылдың 28 қаңтарға дейін жетеді.

2011-2012 жылдарына Жамбыл ГРЭС қосымша 2,8 млрд. теңге қажет.

 

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика