«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының төрағасы Ө.Шөкеев Қазақстан-Корей бизнес-форумына қатысты

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының төрағасы Ө.Шөкеев ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Оңтүстік Кореяға сапарына және оның Ядролық қауіпсіздік жөніндегі 2-саммитке қатысуына орайластырылған Қазақстан-Корей бизнес-форумына қатысты.

Екіжақты Бизнес форумның ашылуы салтанатында сөз сөйлеген Ө.Шөкеев Қордың Оңтүстік Кореямен серпінді ынтымақтастығын, ірі корей компанияларының Атырау гах-химия кешені мен Балқаш ЖЭС сияқты Қазақстан үшін маңызы бар индустриялдық  жобаларға табысты қатысуын атап өтті.

Ол өзінің құттықтау сөзінде тараптардың дамып келе жатқан  мұнай-газ саласындағы өзара іс-қимылын, танкерлер мен кеме жөндеу- кеме жасау верфиі  құрылысы саласындағы ынтымақтастығы әлеуетін, сондай-ақ жоғары технологиялық  өндірістер құрудың және Қазақстанның аумағында ірі инфрақұрылымдық  жобаларды жүзеге асырудың  Қор үшін басым маңыздылығына назар аударды.

«Қор осы өңір елдерінің озық тәжірибесі мен жаңа технологияларын пайдалануға ұмтылады, сондай-ақ осы өңірді халықаралық экономикалық өзара іс-қимылды әртараптандыруға арналған  мүмкіндік ретінде қарастырады», - деп атап көрсетті Ө.Шөкеев.

Сөзінің барысында Қор басшысы Оңтүстік Корея бизнесшілерін Қазақстандағы инвестициялық жобаларды іске асыруға белсенді түрде қатысуға шақырды. «Біздің елдің инвестициялық саясаты Қазақстан экономикасына инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасауға және өзара тиімді бірлескен бизнесті дамытуға бағытталған. Біздің әріптестеріміздің ішінде Samsung, LG, Hyundai, Kolon Corporation және т.б. сияқты белгілі компаниялар бар», - деді ол.

Бұдан басқа, бизнес-форумның шеңберінде Қазақстан тарапынан «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының төрағасы А.Сәтқалиев басшылық жасайтын Қазақстан-Корей Іскерлік кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Бизнес-форумға барлығы 50 жуық отандық және 100 астам корей компанияларының өкілдері қатысты.

Іс-шараның қорытындылары бойынша Қазақстан және корей компанияларының арасында 10 екіжақты келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды. Оның ішінде ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, «KEGOC» АҚ, Қазақстан Электр энергетикасы қауымдастығы мен Корея білім және экономика министрлігі және Кореяның КЕРСО электр энергетика корпорациясы  арасындағы  өзара түсіністік туралы меморандум, «Біріккен химия компаниясы» ЖШС («БХК» ЖШС) мен LG Chem арасындағы R&D-орталықтар құруға қатысты меморандум, «KЕxim» экспорт-кредит агенттігі қатысатын біріктірілген газ-химия кешенінің екінші фазасын қаржыландыруға қатысты өзара түсіністік туралы меморандум, «БХК» ЖШС мен MECENIPС арасындағы ҚР аумағында тігілген полиэтиленнің химиялық көбігін өндіруге қатысты өзара түсіністік туралы меморандум, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пен SKC&C арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум, «Самұрық-Энерго» АҚ пен Hyundai Сorporation арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум және басқалар бар.

Осылармен қатар Қор басшысы Ө.Шөкеев Hyundai Corporation және KEPCO компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді, олардың барысында тараптар Қазақстандағы қазіргі бірлескен жобалар  бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика