«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің әлеуметтік-еңбек қатыныстары жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі

Құрметті кеңеске қатысушалар!

Корпоративтік сектордың  әлеуметтік жаңғыртуда атқаратын рөлі аса маңызды. Қор 320 мыңнан астам адам еңбек қызметін жүзеге асыратын еліміздің 500-ден астам кәсіпорнын біріктіреді. Қызметкерлердің отбасы мүшелерін есепке алғанда іс жүзінде 1 млн. жуық адамның әлеуметтік өзін-өзі сезінуі біздің кәсіпорындарымызға байланысты болып отыр.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Халықтары Ассамблеясының XIX сессиясында сөйлеген сөзінде индустриаландырудың асыл мақсат емес екендігін атап көрсетті. Басты мақсат  – адамның өзі, оның мүдделері, тағдыры, білімі, еңбекке орналасуы, сапалы тұрғын үйінің болуы.

Қор әлеуметтік жауапкершілікті алдағы онжылдықтағы үш стартегиялық даму бағытының бірі ретінде айқындап отыр.  

Біз үшін корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік келесі 4 бағытта ашып көрсетіледі:

1)    Әлеуметтік серіктестік қағидаты негізінде  әлеуметтік-еңбек қатынастарын тиімді реттеу;

2)     Кадарларды даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелері;

3)     Экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету;

4)     Бірыңғай имидж және коммуникациялық стратегия құру.

Бірінші - әлеуметтік-еңбек қатынастарын тиімді реттеубағыты бойынша:

Өткен жылдың желтоқсанында болған оқиғалар бәріміздің есімізде. Мен бар болғаны мынаны ғана қайталап айтқым келеді, біздің мақсатымыз – осындай жағдайлардың қайталану мүмкіндігін болғызбау үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет. Еңбек дауларының туындауына жол бермеу бойынша жүйелік шаралар ғана әлеуметтік-еңбек қатынастарының жаңа форматының негізіне айналуы мүмкін.

Бүкіл әлемдегі азаматтық өзіндік ой-сананың, әлеуметтік белсенділіктің және наразылық ахуалының өсуі бізде де көрініс табуда. Сондықтан да біз әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелерін шешудің ымыралық келісім тетіктерін енгізетін уақыт келіп жетті деп білеміз.

Өткен аптада мен жұмыс сапарымен Атырау өңірінде болдым, оның барысында еңбек әулеттері өкілдерімен кездестім. Еңбек әулеттерін сақтау және молайта түсу тұрақтылықтың, мықты корпоративтік рухтың және  компаниядағы жоғары әлеуметтік жауапкершілік факторларының бірі болып табылады.

Сондықтан мен кездесуде қордың ресми сайтында «Самұрық-Қазына» АҚ еңбек әулеттері туралы  Интернет-шежіре ашу, оларға белгілі бір күні «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының барлық топтарында құрмет көрсету туралы ұсыныс жасадым.

Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің озық тәжірибесін жинақтау үшін «Әлеуметтік әріптестік орталығы» Корпоративтік Қоры құрылды.   Бұл әлеуметтік еңбек әріптестігі тараптары үшін келіссөздер алаңы болып табылады.

Біз өзіміз үшін олар арқылы еңбек қатынастарында тұрақтылыққа қол жеткізілетін шешуші шараларды айқындадық. Бұл:

1) Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу практикасын талдау, әлеуметтік әріптестік қағидаттарын және ұжымдық-шарттық реттеуді енгізу. Практик-заңгерлер, еңбек ұжымдарының көшбасшылары таптауырын болған ережелер мен дағдылардан бас тартып, әлемдік практика мен біздің ділімізді ескере отырып жаңа тәсілдерді іздестіретін уақыт туды деп ойлаймын;

2) Қордың ЕТҰ ұжымдарында әлеуметтік-еңбек дауларының алдын алу мен шешуге бірінші басшыларының жеке жауапершілігін енгізу. Атап айтқанда, адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін құқықтық та, сондай-ақ моральдық та жауапекршілік соларға жүктеледі. Істі бетімен жіберуге болмайды, адамдармен күн сайын кездесу керек, қоғамдық пікір көшбасшыларымен қатынаста болу керек;

3) Қызметінің шешуші көрсеткіштерімен қатар Қордың әрбір компаниясы үшін әлеуметтік тұрақтылықтың жыл сайынғы рейтингін жасау практикасын енгізу. Бұдан былай біз Қор ЕТҰ басшыларын компания қызметінің нәтижелері бойынша ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылық рейтингі бойынша да бағалайтын боламыз.

4) Компания басшылығы мен еңбек ұжымдары арасында кері байланыс тетігін жетілдіру. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын уақтылы диагностикалау үшін жұмысшылардың хатын басшылар өздері оқуы қажает, ұжымдармен тұрақты бетпе-бет кездесіп, кәсіпорындағы істің жағдайы туралы тікелей ақпарат алуы тиіс;

5) Өндіріс персоналына еңбек ақы төлеу стандарттарын әзірлеу, әр түрлі көрсеткіштер бойынша көтерме коэффициенттерді есептеудің бірыңғай тәртібін қабылдау. Меніңше, бұл арада бізге Еңбекминінің және кәсіподақ ұйымдарының көмегі керек деп ойлаймын.

Сонымен қатар қоғамдық ұйым – «Самұрық-Қазына» АҚ кәсіпорындары кәсіподақтары кеңесін құру туралы мәселені де пысықтау керек. Кеңес Қордың жанындағы консультациялық-кеңес органы құқығымен әлеуметтік-еңбек дауларын анықтау және жол бермеу саласында, алдын алу жұмыстарын жүргізуге, кәсіподақтар мен Қор компаниялары басшыларының әлеуметтік әріптестік ісінде және жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасында үйлесімді қатынастарды қалыптастыруға бағытталған бірлескен күш-жігерін жүзеге асыруға көмектескен болар еді.  

Сондай-ақ Қор Компанияларына қызметкерлерді қосымша уәждеуге айналатын, компаниялардың қаржылық мүмкіндіктерін еспке ала отырып әлеуметтік қолдау тетігін әзірлеу мүмкіндігін қарастыру қажет. Қызметкерлерге білім алуға, денсаулығын сақтауға, қызметтік тұрғын үй немесе оны жалға алуды шешуге жәрдемдесу мәселесі барлық жерде өткір қойылып отарғаны атап көрсетілуде.

Тұтастай алғанда, кері байланысты арттыру түсу керек – барлық өңірлердегі әкімдер жүргізген сияқты, компания басшыларының еңбек ұжымдары алдындағы жыл сайынғы есеп берулерін жүргізу керек. Бізге әлеуметтік - еңбек қатынастары мәселелерін жаңаша, стандарттан тыс шешімдері керек. Әлеуметтік саясат нақты тәсілді талап етеді.

Екінші бағыт: Қызметкерлерді даярлау және оқыту. Біз кадрларды өз мұқтаждығымыз үшін ғана даярлап қоймай, ұлт үшін де кадрлар даярлайтынымызды естен шығармауымыз керек. 

Қызметкердерді оқыту мәселелерін бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің көрінісі ретінде ғана қарастырып  қоймай, Қордың бәсекеге қабілеттілігіне салынған инвестициялар ретінде де қарастыру керек.

2011 жылдың өзінде ғана Қор Компаниялары тобы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға 6,6 млрд. теңге жұмсады.  Мен Компаниялардың көпшілігінің осы шығыстарға инвестициялар емес, шығындар ретінде қарайтынына сенімдімін.Сондықтан тиімділік, біздің шығыстарымыздың өзін-өзі ақтау мәселелері барынша өткір болып табылады.

Кадрлар даярлаудың қазіргі жағдайы қандай?

Қор тобында 16 корпоративтік оқу орталығы жұмыс істейді. Іс жүзінде барлық өндірістік компаниялардың өңірлерде оқу орталықтары бар.  Жүйеде Қазақстан-Британ Техникалық университеті және «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті жұмыс істейді.  Бұл ретте қызметкерлердің 44%-ығана корпоративтік орталықтарда оқып жүр. Қалған 56%-ы олардан тыс оқып жатыр.  

2011 жылы өндірістік персоналды оқыту қажеттілігі 62 мынан астам адамды құрады. Ал іс жүзінде 263 мың адамның 49 мыңы ғана оқытылды. Бұл небары - 19%. Әлемдік практикада 50-100% сандары бенчмарк болып табылады. Біз оқыту көлемін күрт ұлғайтуымыз керек.

Осылайша, өндірістік персоналдың біліктілігін арттыру жүйесі біздің қажжетіліктеріміз бен стратегиялық мақсаттарымызға сай емес.

Сондай-ақ инженер-техникалық және әкімшілік-басқару персоналын оқыту мен біліктілігін арттыру стратегиялық мақсаттармен, ұйымның нақты проблемалық мәселелерімен қабыспай жатыр.

Бұл жүйеде ҚБТУ іс жүзінде іске тартылмаған. ҚБТУ-да оқыту Қор компанияларының нақты қажеттіліктерін есепке алмай жүргізілуде. «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінің кадрларды сапалы даярлау үшін тиісті базасы мен инфрақұрылым жоқ.

Қазіргі уақытта Компаниялардың оқу орталықтары бір саланың өзінде дербес жұмыс істеуде. Барлық компаниялардың Қордың бір тобында болуының синергетикалық әсері пайдаланылып отырған жоқ.

Біздің проблемаларымыз елде қалыптасқан білім беру жүйесі мен кадрлардың даярлық деңгейі проблемаларымен тікелей байланысты. Біз нарықтан кімдерді алсақ, солармен жұмыс істеп жатырмыз. Мемлекет бюджет қаражатын бөлгеніне қарамастан оқу бітіргендер өндіріске келгеннен кейін білім мен дағдыларды қайтадан алуға мәжбүр.«Сараң екі рет шығынға батады» деген мәтелдегі сияқты, бірінші рет түлекке мемлекет төледі, екінші рет кәсіпорын немесе тағы да мемлекет шығындалды.

Бұған қоса, ғылымның өндіріспен байланысы үзілген, кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің нашар екендігі байқалады. Қор тобында бірнеше ғылми-зерттеу институттары жұмыс істейді, алайда олардың қызметтерінің білім берумен, білім мен инновацияларды ілгерілетумен ешқандай байланыстары жоқ.

Бүкіл әлемде бизнес өз кадрларын өздері даярлайды. Біз ТжҚБ жүйесінің реформасы қашан болады деп қол қусырып күтіп отырмаумыз керек. Белсенді іске кірісіп, өзіміздің нақты қажеттілікке сай келетін жүйемізді құруымыз қажет.

Қордың өз тізбегі түзілуі тиіс: кәсіптік колледждер жұмысшы кадрларын даярлайды, университет, бизнес-мектеп және  ҒЗТКЖ. Басқаша айтқанда, бұл «Самұрық-Қазына» АҚ-ның өзіндік бір ғылыми-білім беру кластері болады.

Әлемде осыған ұқсас құрылымдар бар, ірі бизнес-құрылымдар кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерін жиі  сатып алады, корпоративтік университеттер, ғылыми-зерттеу зертханаларын және сынақ полигондарын, сондай-ақ кадрларды даярлаудың салалық орталықтарын  құрады.

Осылайша, үш деңгейлі жүйе түзілуі мүмкін.   Жоғарғы деңгейде барлық инновациялық, ғылыми-зерттеу және ҚБТУ базасында білім беру қызметі түзілуі тиіс. Ғылыми-зерттеу ұйымдарын біріктіріп оның құрамына беру қажет.

Екінші деңгейде басқару кадрларын дярлау жүзеге асырылатын болады. Әлемдік жетекші бизнес-мектеппен ынтымақтаса отырып біздің компанияларымыз үшін менеджерлер даярлау бағдарламасын жасау қажет. ҚБТУ жанындағы бизнес-мектеп біздің қазақстандық практика негізінде жанды кейстер жасай отырып және осы кейстердің негізінде оқытып, оның ішінде магистрлік бағдарламалары бойынша да оқытып, топ-менеджерлер мен ақ жағалыларды оқытуы тиіс. 

Үшінші деңгейде кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі тұруы тиіс, жұмысшы кадрларды даярлаудың дуальді жүйесі белсенді дамытылуы керек. Қор тобында жастардың оқып, сонымен қатар алған білімдерін жұмыс орындарында қолдана алатындай тиімді модельін әзірлеу қажет. Қор Компаниялары жұмысшы кадрларын толыққанды даярлау үшін өз оқу орталықтарын барынша дамытуы және жарақтандыруы тиіс. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Самұрық-Қазына» Қоры жұмысшы кадрларын даярлаудың дуальді моделін енгізудің қадамдық жоспарын әзірлеуге  және осы үдеріске тартылатын базалық кәсіпорындардың тізбесін жасауға кірісуі тиіс.

Қор Компанияларының басшыларына бірінші жартыжылдықтың соңына дейінгі мерзімде дуальді білім беру моделінің тиімділігі үшін және тұтастай алғанда менеджерлерді даярлау мен біілктілігін арттыру жүйесі бойынша ұсыныстар беруін тапсырамын.

 

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің үшінші бағыты – экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету.  

Біз Қор компанияларының тиісті кәсіпорындарында экологиялық менеджмент жүйесін құру мен қолдауды ынталандыратын боламыз.

Энергия тиімділігін арттыруға, ресурстарды үнемдеуге және Қор компаниялары кәсіпорындарында энергияның баламалы көздерін пайдалануға ерекше назар аударылатын болады.

Біз 2016 жылға дейін Қордың барлық ірі компанияларына экологиялық аудит жүргізу және экологиялық қауіпсіздік стандарттарын енгізуді жүзеге асыру  міндетін қойып отырмыз. Өнеркәсіп компаниялары корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласында халықаралық стандарттарға сәйкес жыл сайынғы жария есептілік практикасын енгізуі тиіс.

Біз өндірісте қауіпсіздік техникасының қатаң және бұлжытпай сақталуын, сондай-ақ персоналдың қауіпсіз іс-қимыл мәдениетінің  артуын қамтамасыз етеміз. Жарақат алудың алдын алу үдерістерін және жазатайым оқиғалардың туындау мүмкіндігін жоюды барынша автоматтандыру қажет.

Төртінші бағыт: Бірығай имидж және коммуникациялық стратегия құру.

Осыған байланысты Қор компаниялары тобының ортақ миссиясы мен мақсаттары бар біртұтас организм ретіндегі оң бейнесін қалыптастыру үшін  бірыңғай имидж және коммуникациялық стратегиясы әзірленетін болады. Ел «Самұрық-Қазынаның» тыныс-тірішілігін білуі тиіс. Біз елдегі және қоғамдағы мақсат-мүдделер мен көіңіл-күйді білуге тиіспіз, қоғамның бізге қандай сауалдар қойып отырғанын біліп, оларға жауап қайтаруға дайын болуымыз керек.

Біз сондай-ақ орталық пен жергілікті жерлерде билікпен тығыз жұмыс істеуіміз керек. Бұның, әсіресе, тұтастай кенттер мен моноқалалардың халқы байланысты болып отарған қала түзетін кәсіпорындарға қатысы бар.

«Самұріқ-Қазынаның» тұрақтылығы бұл - көп жағдайларда елдің әлеуметтік тұрақтылығы.

Әлеуметтік-еңбек қатынастары бойынша кеңес өткізу жыл сайығы дәстүрге айналуы тиіс деп санаймын және ол компания басшыларының, жұмысшылар ұжымдарының, кәсіподақтардың өкілдерінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі, Парламенті мүшелерінің, жұртшылық өкілдерінің, сарапшылардың, ғылымдардың, БАҚ-тардың қатысуымен  «Самұрық-Қазына» АҚ-ның әлеуметтік жауапкершілік форумы түрінде өтуі тиіс.

Барлық айтылған қағидаттар мен әлеуметтік жауапкершілік қадамдарын «Самұрық-Қазына» АҚ-ның әлеуметтік жауапкершілік мәселелері бойынша кеңестің қорытынды хаттамасында көрсетуді ұсынамыз.

Назар аударып, ықыласпен тыңдағандарыңыз үшін рахмет!

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика