«Самұрық-Қазына» АҚ басшысының орынбасары Қуандық Бишімбаевтың селекторлық кеңестегі «Халықтық ІРО» бойынша баяндамасы

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, әріптестер!

Бүгін өз баяндамамда «Халықтық ІРО» бағдарламасының шеңберіндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысын іске асырудың кейбір сәттерін түсіндіргім келеді.

Кәрім Қажымқанұлы, Үкіметтің 2012 жылғы 13 наурыздағы отырысында Сіз берген тапсырманы орындау үшін 9 сәуірде Бағдарламаның ақпараттық науқаны басталды.

Бірінші. «Халықтық ІРО» бағдарламасы бойынша Қордың ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру жөніндегі жоспар қабылданды. «Халықтық ІРО» логотипі мен Бағдарламаның – «Халықтық акционер бол» деген ұраны әзірленді.

Бұл жерде негізгі назар Бағдарламаның «халықтық» мәртебесіне аударылды.

Екінші. Бағдарламаның сall-орталығы іске іске қосылды. Халық үшін күнделікті негізде, демалыссыз, тәулік бойы тегін «жедел желі» телефоны жұмыс істейді (8-800-080-50-70). Кез келген адам бағдарлама бойынша ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде ала алады.

Сall-орталықтың жұмыс істеу кезеңі ішінде 300[1] астам әрьірлі сұрақтар келіп түсті. Бағдарламаға белсенді қызығушылықты әзірше Алматы (55%), Астана (10%), Ақтөбе (6%) және Атырау (5%) қалаларының тұрғындары білдіруде.

Үшінші. Бағдарламаның ресми веб-сайты –www.halyk-ipo.kz жұмысын бастады.  Онда Бағдарлама туралы өзекті жаңалықтармен, ІРО-ға арналған сұхбаттармен, отандық және шетелдік сарапшылардың түсіндірмелерімен, талдамалық зерттеулермен және қатысатын компаниялардың қызметімен танысуға болады.

Сайтта сондай-ақ қор нарығының жұмыс істеу тетіктеріне, корпоративтік басқару қағидаттарына, акционерлердің құқықтарына, инвестициялау стратегияларына және инвестициялық тәуекелдерге, сондай-ақ азаматтардың Бағдарламаға қатысу тетігіне арналған ақпараттық-танымдық материалдар орналастырылады.

Тұтастай алғанда, веб-сайт жұмыс істеген аз уақыт ішінде оған 3,7 мыңнан астам бірегей пайдаланушылар кірді. Орта есеппен әрбір кіруші 3 бетті қарап шығады және контентті зерделеуге 5 минуттан астам уақыт бөледі.

Бұл ретте Бағдарламаға деген қызығушылықты ел азаматтары ғана емес, шетелдегі интернет пайдаланушылар да білдірді, олардың көпшілігі Ресей мен Ұлыбританиядан. Қазақстанда алда тұрған Алматы қаласы – 2300 астам кіру. Одан кейін Астана – шамамен 1500; Теміртау, Шымкент және Қарағанды келеді, орта есеппен 200 кіру.

Жуықта мына жұмыстар жүргізіледі:

- ұтқыр құрылғыларға арналған веб-сайттың нұсқасын әзірлеу аяқталады;

- пайдаланушыларға акцияларды сатып алуға жұмсалатын шығыстарды және оны сатудан түсетін кірісті есептеуге мүмкіндік беретін инвестор калькуляторы іске қосылады.

Төртінші. Бағдарламаның Twitter  және Facebook әлеуметтік желілерінде ресми аккаунттары ашылды. Олар белсенді интернет-пайдаланушыларға арналады. Қазіргі сәтте Facebook және Twitter жазылушылардың саны 900 адамнан асады.

Бесінші. Бағдарламаның call-орталығы мен веб-сайтының ашылғаны туралы халықты ақпараттандыру мақсатында:

15 сәуірден бастап Қордың негізгі еншілес және тәуелді компанияларының, Қазақстан қор биржасының, жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарына, сондай-ақ республикалық және өңірлік БАҚ-тарға Бағдарлама туралы ақпараты және тиісті сілтемелері бар веб-баннерлер орналастырылды.

Сондай-ақ жақын күндері веб-баннерлер «Елдің ТОП – 10» кіретін қазақстандық интернет ресурстарға орналастырылатын болады. Олар: kolesa.kz, krisha.kz, mail.ru, nur.kz, profinance.kz, tengrinews.kz, yvision.kz, zakon.kz.

Бұдан басқа, веб-баннерлерді барлық орталық мемлекеттік органдардың, әсіресе ел азаматтарына қызметтер көрсетуге бағдарланғандырының интернет-ресурстарына орналастыру жоспарлануда.

26 сәуірде республикалық және облыстық, қалалық және аудандық ауқымдағы басылымдарда ақпараттық модульдер жариялау жүзеге асырылуда. Бұл материалдар Қордың желісі бойынша ғана 37 басылымда орналастырылады, олардың 9-ы республикалық және 28-і өңірлік деңгейде.

14  мамырдан бастап республикалық және өңірлік теле және радиоарналардың әуе толқынында, кабельдік телевизия желілерінде, сондай-ақ ел кинотеатрларында ақпараттық бейне және аудиороликтерді іске қосу жоспарланған. Бұл жұмысқа Қор 34 электрондық БАҚ іске қосады. Бұл 17 теле және 17 радиоарналар.

Алтыншы. Бағдарламаның шеңберінде танымдық-ағарту жұмысы жүргізіледі. Мәселен, Қазақстан Қор Биржасымен және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылармен (брокерлер, трансфер-агенттер) бірлесіп оқу-әдістемелік және таныстыру материалдарын қамтитын танымдық бағдарлама әзірленді.

 Ол Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері, оған қатысу тетіктері, қаржы және қор нарығының негіздері, оған қатысушылардың міндеттері, сондай-ақ миноритарлық акционердің құқықтарын қорғау және іске асыру тетіктері туралы қысқаша курсты білдіреді.

 Осы ақпаратты жұртшылық арасында тарату мақсатында өңірлердің қоғамдық пікір көшбасшылары ішінен «спикерлер» мен «промоутерлер» деп аталатындардың пулы қалыптастырылды. Қазіргі кезде оларды даярлау аяқталып келеді. Бүгінгі күні 15 өңірде 30 оқыту семинарлары өткізілді. Алматы қаласында оқыту 10-11 мамырда болады. Барлығы 660 адам даярланатын болады.

15 мамыр – 31 қыркүйек аралығында «спикерлер» барлық өңірлердегі еңбек ұжымдарында, оның ішінде ауылдық жерлерде 311 оқыту лекцияларын және 980 көшпелі таныстыру өткізеді.

Сондай-ақ біз дайындаған спикерлерден басқа осы іс-шараларға Экономикалық даму және сауда министрлігінің, Ұлттық банктің, Қазақстан қор биржасының өкілдері, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары – брокерлер мен трансфер-агенттер қатысатынын атап айтқым келеді.

Қазіргі кезде әрбір өңір бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қоғамдық лекциялар және өндірістік объектілерге сапарлар ұйымдастырудың нақты кестелері қалыптастырылуда.

«Промоутерлер» 15 мамырдан бастап елдің барлық өңірлеріндегі сауда-ойын-сауық орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және халық көп хиналатын басқа да орындарда ашылатын промо-пункттердің жұмысын қамтамасыз етеді.

Біз барлығы 50 промо пункт ашуды жоспарлап отырмыз. Олар тиісті ақпараттық-түсіндіру материалдарымен және имидждік өніммен – футболкалармен, бейсболкалармен, триплеттермен, плакаттармен, болшюралармен және т.б. жабдықталатын болады.

Жетінші. Ведомствоаралық ынтымақтастық шеңберінде, Бағдарламаның іске асырылуы барысын тиімді көрсету мақсатында, мәдениет және ақпарат, экономикалық даму және сауда министрліктерімен бірге бірлескен медиа-жоспар әзірленді, оны іске асыру мерзімі ағымдағы жылдың сәуір-маусымы. 

Медиа-жоспар жөніндегі жұмыс басталып та кетті. Үшінші және төртінші  тоқсандарға арналған медиа-жоспарлар ақпараттық науқанның іске асырылу барысы ескеріле отырып дайындалатын болады.

Сегізінші. Ағымдағы жылғы мамыр айының ішінде «Қазпочта» АҚ филиалдары желісінің базасында ақпараттық пункттер ашылатын болады, онда азаматтар Бағдарлама туралы бастапқы ақпарат, сондай-ақ трансфер-агенттік және брокерлік қызметтер ала алады.

Ол үшін ағымдағы жылдың наурызында аудандық бөлімшелер деңгейіне дейінгі операторлар арнайы қысқа мерзімді оқыту курстарында қор нарығының негіздеріне оқытылды және онымен терең танысты.

Акцияларды орналастыру сәтінде осы жұмысқа «Қазпочта» АҚ-тың 3 мыңнан астам қызметкерлері тартылатын болады.

Тоғызыншы. Жергілікті атқарушы органдармен жұмыс басталды. Әрбір өңірде Бағдарлама бойынша  ақпараттық науқанды жүргізуге жәрдем көрсету үшін облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдері орынбасарларының деңгейінде  жауапты тұлғалар белгіленді.

Сондай-ақ 4 мамырда мүдделі мемлекеттік орталық және жергілікті органдардың және ұйымдардың қатысуымен Сіздің орынбасарыңыз Қайрат Нематұлы Келімбетовтің төрағалық етуімен кеңес өткізілгенін атап өткім келеді.

Кеңес нәтижесінде тиісті Жол картасы қабылданды.

Кәрім Қажымқанұлы, Жол картасының барынша маңызды іс-шараларына және олар бойынша тапсырма беруіңізге Сіздің назарыңызды тағы бір аударғым келеді.

1.Орталық мемлекеттік органдар, Қор.

- Мәдениет және ақпарат министрлігі Экономикалық даму және сауда министрлігімен және Қормен бірлесіп ағымдағы айда «Халықтық ІРО» бағдарламасын жария ету мәселелері бойынша елдің жетекші БАҚ Бас редакторларымен кеңес өткізу;

- барлық мемлекеттік органдар өздерінің веб-сайттарына тиісті сілтемелерімен Бағдарламаның баннерлерін  орналастыру. Атап айтқанда, электрондық үкіметтің egov.kz сайтына, мемлекеттік сатып алулар веб-порталына, министрліктер мен ведомстволар бірінші басшыларының блог-тұғырнамаларына және т.б.

- Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қор облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп облыстық және қалалық (Астана және Алматы ққ.) қызметкерлерімен «Халықтық ІРО» бағдарламасы бойынша кеңес өткізу;

- үш жақты медиа-жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету: ЭДСМ, МАМ және Қор.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

- өңірлік мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың шеңберінде ақпараттық модульдерді, сұхбаттар, мақалалар, топиктерді белсенді жариялауды жалғастыруды; сондай-ақ жергілікті БАҚ-тар мен  көше Led-дисплейлерде жоғары шығу кезеңділігімен аудио- бейне роликтер орналастыру. 15 мамырға дейінгі мерзімде ЭДСМ, МАМ және Қормен келісім бойынша тиісті өңірлік медиа-жоспарлар қабылдау;

- 21 мамырдан бастап қалалар мен аудандардың көшелеріне билбордтар мен брендмауэрлер түрінде сыртқы жарнама орналастыру, сондай-ақ адам көп жиналатын жерлерде, мемлекеттік мекемелерде (әкімдіктер, ХҚО, әуежай, вокзалдар және т.б.) Бағдарлама бойынша  көрнекі ақпарат орналастыруға арналған  стендтер орнатуды қамтамасыз ету;

- промо пункттердің жұмысын ұйымдастыруға; жұртшылықты ақпараттандыруға және оларды білім беру іс-шараларына тартуға; еңбек ұжымдары үшін көшпелі тұсаукесерлер өткізуге  жәрдем көрсету.

Қор өз кезегінде қойылған міндеттерді іске асыру үшін орталық және өңірлік мемлекеттік органдарды қажетті ақпаратпен, материалдармен қамтамасыз етеді.

Кәрім Қажымқанұлы, мен баяндаған жұмыс бағыттарын бүгінгі кеңестің хаттамасында көрсетуді сұраймын.

Қордың мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Сіз қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі қабылдап жатқан базалық шаралары осындай.

Назар салып тыңдағандарыңыз үшін рахмет.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика