«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ: ҚМГ БӨ Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын және Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Астана, 12 шілде  2013 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі  – «ҚМГ БӨ», «Компания») 2013 жылдың 9 шілдесінде Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізіп, онда Директорлар кеңесінің төрағасы Ләззат Қиыновтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. ҚМГ БӨ Директорлар Кеңесінің жаңа мүшесі болып, Компания Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзіміне «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ корпоративтік даму жөніндегі Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Данияр Берлібаев сайланды.

2013 жылдың 10 шілдесінде өткен Директорлар кеңесінің отырысында Данияр Берлібаев ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды.  

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі 2013 жылға арналған түзетілген бюджетті бекітті.Қайта қаралған  бюджетке сәйкес, 2013 жылға  күрделі салымдар 168 млрд. теңге (1 121 млн. АҚШ доллары)[1] мөлшерінде жоспарланып отыр, бұл 2012 жылдың желтоқсанында бекітілген 185 млрд.теңгемен (1 235 млн. АҚШ доллары)  салыстырғанда 17 млрд.теңгеге (114 млн.АҚШ доллары) аз. 

Күрделі салымдардың төмендеуі геологиялық барлау шығыстарының  11 млрд. теңгеге (74 млн. АҚШ доллары) азаюымен байланысты.  Бұл  «Карповский Северный»ЖШС[2] (7 млрд. теңге немесе 49 млн. АҚШ доллары) есептеме әдістемесінің өзгеруімен және кесте мен бұрғылау (4 млрд.теңге немесе 25 млн.АҚШ доллары) жоспарының өзгеруінен туындады.

Бұдан басқа, жаңғырту бағдарламасын іске асыру жоспарлары қайта қаралып,  7 млрд.теңгеге (47 млн.АҚШ доллары)  азайтылды. 2013 жылы жаңғырту бағдарламасына шығыстардың азайтылуы бірқатар нысандар құрылысы мерзімінің келесі жылдарға жылжытылуына байланысты.

5 еңіс бағытталған ұңғыманың және «Ембімұнайгаз»  АҚ кен орындарында 6 эксплуатациялық ұңғының қосымша бұрғылануына  байланысты, түзетілген бюджетте эксплуатациялық бұрғылау шығыстарын 1 млрд.теңгеге (8 млн.АҚШ доллары) ұлғайту қаралған.     

Аталған шаралар ағымдағы экономикалық және өндірістік көрсеткіштерді есепке ала отырып, қаржы шығыстарын  тиімді қамтамасыз етуге бағытталған.  


АНЫҚТАМА

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2012 жылы 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 247 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2011 жылдың соңындағы жағдай бойынша 226 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,1 млрд. жуық баррелді құрайды. Компанияның акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2011 жылдың желтоқсанында халықаралық Standard & Poor’s агенттігі ҚМГ БӨ несиелік рейтингін «ВВВ-» деңгейінде растады.

Данияр Берлибаев 2005-2007 жылдары «Интергаз Орталық Азия»АҚ бас директоры болып  жұмыс істеді, сондай-ақ «ҚазТрансГаз»АҚ Бас директорының бірінші орынбасары қызметін қосымша атқарды.    2007- 2009 жылдары «ҚазМұнайГаз»ҰК»АҚ газ жобалары бойынша басқарушы директор болып қызмет етті. 2009-2011 жылдары «ҚазМұнайГаз-ПМ»АҚ бас директоры, одан соң «ҚазТрансГаз»АҚ Бас директоры лауазымдарын атқарды. «ҚазМұнайГаз»ҰК»АҚ газ жобалары бойынша басқарушы директор болды. Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз»ҰК»АҚ корпоративтік даму жөніндегі Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет етеді. 


[1]Оқырмандарға қолайлы болуы үшін соммалар 150 теңге АҚШ доллары) бюджет бағамы бойынша АҚШ долларына ауыстырылды.

[2]2012 жылдың қазанындағы 49% үлестік қатысты  жүзеге асырумен байланысты үлестік қатыс әдісімен есептеледі. 2013 жылға арналған алдыңғы бюджетте 100% еншілес ұйым ретінде есептелді. 

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика