«ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ: 2013 жылдың алғашы жарты жылының операциялық нәтижелері

Астана, 23 шілде 2013ж. «ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГБӨ», «Компания») 2013 жылдың алғашқы жарты жылының операциялық нәтижелерін, жаңғырту бағдарламасының ағымдағы қорытындыларын, 2012 жылы құрылған екі жаңа сервистік компанияның операциялық қызметінің нәтижелерін, Федоровский блогындағы бұрғылаудың қорытындысын және Лиман блогындағы  сынама эксплуатацияның басталуы туралы  жариялайды. 

- 2013 жылдың алғашқы жарты жылдығында  «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» (CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлесті есептегенде, шоғырландырылған өндіру 6 092 мың тоннаны (тәулігіне 249 мың баррель) құрады, бұл 2012 жылдың осындай кезеңіндегіден  1%-ға артық.

- 2013 жылдың маусымында «Өзенмұнайгаз» АҚ-ында тәуліктік өндіру 14,5 мың тоннаны (тәулігіне 107 мың баррель) құрады, бұл 2012 жылдың маусымы кезеңіндегіден 9%-ға артық.

- Компания «Өзенмұнайгаз»АҚ (ӨМГ) және «Ембімұнайгаз» АҚ-да (ЕМГ) 2013 жылдың өндірістік жоспарын 8 152 мың тонна (тәулігіне 164 мың баррель) деңгейінде ұстап отыр.  

- ӨМГ-да Диагностикалау және жерасты жабдықтарын жөндеу цехы қолданысқа  енгізілді, ұңғыларды бастыру үшін сұйықтық дайындау жөніндегі цехтың құрылысы және ЕМГ-да газды кәдеге жарату бойынша  жабдықтардыың құрылысы аяқталды.  

- Федоровский  блогында тестілеу жүргізу кезінде тұзасты ұңғысында  газ ағыны тәулігіне 239 450 м3 деңгейінде және  конденсат  тәулігіне 247 м3 деңгейінде алынды. Алынған деректер негізінде қорлар бойынша жаңартылған есеп дайындалуда.

- 2013 жылдың соңына дейін  Новобогат ОШ кен орны карнизүсті Лиман  блогында сынама эксплуатацияны бастау жоспарлануда. 

ҚМГ БӨ бас директоры Абат Нұрсейітов: «2013 жылдың алғашқы алты айының нәтижелері ҚМГ БӨ-нің жақсы қарқын алып, ағымдағы жылға қойылған жоспарларды табысты іске асырып отырғанын көрсетеді. Біз Қазақстандағы жетекші мұнайгаз компанияларының бірі болу жолындағы бағытымызды нығайту үшін қуаттылығымызды жоспарлы түрде дамытып келеміз. Біздің негізгі міндеттеріміз – бұл шоғырландырылған өндіру көлемін ұлғайту, геологиялық барлау жұмыстары және жаңа активтерді сатып алу арқылы көмірсутегі қорын арттыру және толықтыру, сондай-ақ негізгі кен орындарында өндірісті оңтайландыру болып табылады».

2013 жылдың алғашқы жарты жылындағы операциялық қызмет

ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» (CCEL), «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, 2013 жылдың алғашқы алты айында 6 092 мың тонна (тәулігіне 249 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2012 жылдың осындай кезеңіндегіден  1%-ға артық.

«Өзенмұнайгаз»АҚ және «Ембімұнайгаз»АҚ

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 2 539 мың тонна (тәулігіне 103 мың баррель) өндірді, бұл 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3%-ға артық. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 1 401 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2%-ға артық. Нәтижесінде ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 3 940 мың тоннаны құрады (тәулігіне 160 мың баррель), бұл өндіру жоспарына сәйкес, 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда  3%-ға артық.

2013 жылдың шілдесіндегі жағдай бойынша тәуліктік өндіру бағыты Компания жоспарына толықтай сәйкес келеді. Компания 2013 жылға арналып қабылданған  8 152  мың  тонна деңгейіндегі өндіру жоспарын ұстап отыр, оның ішінде 5 322 мың  тонна ӨМГ бойынша және 2 830 мың тонна ЕМГ бойынша.

2013 жылдың маусымында ӨМГ-да тәуліктік өндіру  14,5 мың тоннаны құрады, бұл 2012 жылдың маусымы кезеңіндегіден 9%-ға артық. Өндіру көлемінің өсуі негізінен жұмыстағы ұңғылар санын   3 006-дан 3 194 ұңғыға дейін ұлғайтудың, жүргізілген іс-шаралардың тиімділігінің, оның ішінде жаңа ұңғыларды бұрғылау, ұңғыларды күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды ұлғайтудың нәтижесінде  қол жеткізілді.

2013 жылдың алғашқы алты айында ӨМГ және ЕМГ мұнайын сатудың экспорттық көлемі 2 864 мың тоннаны (тәулігіне 114 мың баррель) құрады, ал ішкі нарыққа жеткізілімдер 1 059 мың  тоннаны (тәулігіне 42 мың  баррель) құрады.

Бірлескен кәсіпорындар

ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы өндіру үлесі 2013 жылдың алғашқы алты айында 2 152  мың тоннаны (тәулігіне 89 мың баррель) құрады, бұл 2012 жылдың осындай кезеңіндегіден  3%-ға кем, өндірудің табиғи түсуіне орай негізінен ПҚИ-дағы өндіріс деңгейінің 6%-ға төмендеуіне байланысты.

ҚМГ БӨ-ге қарасты CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы сату үлесі, компания жалпы сатулар көлемінен 89%-ды құрайтын, 1 844 мың тонна мұнайдың (тәулігіне 78 мың баррель) экспортқа жеткізілімдерін қоса алғанда, 2 074 мың тонна тонна мұнайды (тәулігіне 87 мың баррель) құрады.

Көлденеңдік ұңғыларды бұрғылау

2012 жылы басталған екі көлденеңдік ұңғыны бұрғылау жұмыстары аяқталды. Алғашқы көлденеңдік ұңғыны бұрғылау нәтижесінде 2012 жылдың соңында тәулігіне 22 тонна мұнай ағыны алынды. 2013 жылдың басында аяқталған екінші көлденеңдік ұңғыны тестілеу кезінде су ағыны алынды. Қазіргі уақытта су ағынын оқшаулау жұмысы жүргізілуде және ұңғы бақылауда тұр.

Қазіргі уақытта ӨМГ-да 2013 жылға жоспарланған бес көлденеңдік ұңғының біреуі бұрғылануда. Компания бұрғылау жұмыстарын 2013 жылдың 2-ші жарты жылдығында бастауды жоспарлаған тағы да төрт ұңғы бойынша жобаны дайындауда.

Екі сервистік компанияның операциялық қызметінің нәтижелері

Бұрғылау жұмыстары басқармасы («БЖБ») 2012 жылы құрылды және құбыржүйесі мен ұңғыларға жөндеу қызметін көрсететін ӨМГ өндірістік құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Сондай-ақ «Технологиялық көлік және ұңғыларға қызмет көрсету  басқармасы» ЖШС-да («ТКҰҚКБ») 2012 жылы құрылды, ұңғыларға жерасты және күрделі жөндеу, жол-құрылыс жұмыстары бойынша, мұнай өндіру компаниялары үшін экипажбен техникаларды жалға берілуі бойынша қызмет көрсететін ҚМГ БӨ еншілес кәсіпорыны болып табылады. 

Екі компания да жеткілікті жұмыс көлемімен қамтамасыз етілген, өндірістік жоспарға сәйкес орындауда.  2013 жылдың алғашқы жарты жылында БЖБ 25 ұңғыға күрделі жөндеу және 1 489 ұңғыға жерасты жөндеу жұмысын жүргізді. 2013 жылы сәйкесінше, 50 және 2 928  ұңғыға күрделі және жерасты жөндеуін жүргізу жоспарланған.

2013 жылдың алғашқы жарты жылында  ТКҰҚКБ 23 ұңғыға күрделі және 319 ұңғыға жерасты жөндеуін жүргізді. 2013 жылы  сәйкесінше, 167 және 473 ұңғыға күрделі және жерасты жөндеуін жүргізу жоспарланған.

Жаңғырту бағдарламасының ағымдағы нәтижелері

2013 жылдың бірінші жарты жылында ӨМГ-да Диагностикалау және жерасты жабдықтарын жөндеу цехы қолданысқа енгізілді және ұңғыларды бастыру үшін сұйықтық дайындау жөніндегі цехтың құрылысы және  ЕМГ-да газды кәдеге жаратуға арналған жабдықтың құрылысы аяқталды.

Диагностикалау және жерасты жабдығын жөндеу цехы

2013 жылдың маусымында Диагностикалау және жерасты жабдықтарын жөндеу цехы  («Цех») қолданысқа енгізілді. Цехтың қуаттылығы жылына 400 мың дана сораптық-компрессорлық құбырды, 300 мың дана сораптық штанганы және 10 мың дана тереңдік сорапты жөндеуге жеткілікті.

Компания жаңа цех  жерасты жабдығын жөндеу сапасын жақсартады және сәйкесінше оның пайдалану мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтеді. Жөндеу сапасының жақсаруы және тиісінше, оның пайдалану мерзімінің ұлғаюы жаңа жерасты жабдықтарын сатып алуды төмендетуге, ұңғылардың жөндеуаралық мерзімін ұлғайтуға және жиі жөндеу жүргізілумен байланысты ұңғылардың тоқтап тұру уақыттарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, цех жұмысының нәтижесінде кәсіпорынның өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік деңгейі нығаяды.

Компания 4,8 млрд. теңгеге (32 млн. АҚШ доллары) цех  құрылысын инвестициялады. 2013-2014 жылдары цехтың қосымша жабдықталуы үшін 2,5 млрд. теңгеге (17 млн. АҚШ доллары) қосымша инвестиция жасау жоспарлануда.  Алғашқы цехтың жұмыс нәтижесі бойынша Компания осыған ұқсас екінші цехты ӨМГ-да салу мақсаттылығы туралы бағалау жүргізеді.

Ұңғыларды бастыру үшін сұйықтық дайындау жабдығы  

2013 жылдың шілдесінде ӨМГ-да құны 1,0 млрд. теңге (6 млн. АҚШ доллары). ұңғыларды бастырту үшін сұйықтық дайындау жөніндегі жабдықтың  құрылысы аяқталды. Сұйықтықты дайындау жөніндегі жабдық әр жеке ұңғы үшін  сұйықтық тығыздығын таңдау процессін автоматтандыру есебінен ұңғыларды күрделі және жерасты жөндеу жұмыстары кезінде сұйықтық төгілуін болдыртпауға мүмкіндік береді деп күтілуде. Компания ұңғыларды бастыру үшін сұйықтық дайындау жөніндегі жабдықтың  пайдалануға берілуі есебінен өнімді горизонттардың бітеліп қалуын төмендетеді,  бария тұзының түсуін  болдыртпайды және жөндеу жұмыстарынан соң штангалық тереңдік сораптардың тоқтап қалуын төмендетуге мүмкіндік береді деп күтеді.

Шығыс Мақат кен орынында газды кәдеге жарату жабдығы

2013 жылдың шілдесінде  ЕМГ-да Шығыс Мақат кен орнының ілеспе газын кәдеге жаратуға арналған жабдықтың құрылысы аяқталды. Жылына 40 млн. куб.  жобалық қуаттылығы бар жабдық экологиялық заңнамалар талаптарына сәйкес тазартылмаған газды жағуды тоқтатуға мүмкіндік береді. Газды кәдеге жарату жабдығының құрылысына 1,2 млрд. теңге (8 млн. АҚШ  доллары) жұмсалды.

Қайта өңделген газдың бір бөлігі өз қажеттіліктері үшін пайдаланылады. Қалған бөлігі субсидиялық бағамен ішкі нарыққа сатылатын болады.

ҚМГ БӨ бас директоры Абат Нұрсейітов: «Қазіргі уақытта біз ескірген жабдықтарды алмастыру ісін, жаңа өндірістік нысандар құрылысын, процесстерді оңтайландыруды қоса алғанда, жаңғырту бағдарламасын дәйекті  іске асырудың қарқынды деңгейінде келе жатырмыз. Жаңғырту бағдарламасы орташа жедел келешекті мерзімге шақталған, жорамалды инвестиция көлемі 75-90 млрд. теңгеге  (500-600 миллионға жуық АҚШ доллары) есептелген. Аталған бағдарламаны іске асыру мұнай өндіруді қалпына келтіріп қана қоймайды және оны ұлғайтады, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек ету жағдайын жақсартады».

Федоровский блогындағы барлау қызметінің нәтижелері

2013 жылдың наурызында Федоровский блогында бұрғыланған тұзасты ұңғысын тестілеу кезінде 11мм штуцерде  тәулігіне 239 450 м3 деңгейінде газ ағыны және  тәулігіне 247 м3 деңгейінде конденсат алынды.  

Қазіргі уақытта  «НИПИНефтегаз» АҚ 2010 жылдан бастап блоктағы бағалау және барлау қызметтерінің нәтижелері бойынша Федоровский блогы қорлары туралы есепті дайындауда. Қорлар бойынша есеп 2013 жылдың 4 тоқсанында дайын болады деп күтілуде.

DeGolyer and MacNaughton тәуелсіз кеңесшісінің есебіне сәйкес, Федоровский блогы Рожковское кен орнында 2P санатындағы конденсат және газ қорындағы ҚМГ БӨ (50%) үлесі  2011 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 66,7 млн бнэ құрайды, оның  27,5 млн. бнс (3,5 млн.тонна)  конденсат және 39,2 млн. бнэ (6,7 млрд. куб. м) газ. 

2003 жылдан бастап Федоровский блогында 10 барлау  ұңғысына геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді, оның 6-уы табысты болды, 1-еуі құрғақ, 1-еуі тестілеуде және 2 ұңғы бұрғылануда. Жоғарыда аталған 3 ұңғыны бұрғылау және тестілеу 2013 жылдың соңына дейін аяқталатын болады.

Лиман блогында сынамалық пайдаланудың басталуы

Компания ОШ Новобогат кен орны карнизүсті Лиман блогында сынама пайдалануды 2013 жылдың соңына дейін бастауды жоспарлап отыр. Сынама пайдалану екі жыл мерзімге жоспарланған, нәтижесі бойынша коммерциялық өндіруді бастау туралы шешім қабылданатын болады. Компания сынама пайдаланудың бірінші және екінші жылында сәйкесінше, 13 мың  тоннаға жуық мұнай және 19 мыңға жуық  тонна мұнай алынады  деп күтеді.

C1+C2 санатындағы қорлар 2012 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 1,9 млн. тонна мұнай (13,9 млн. бнэ) және  290 млн куб. м. ерітілген газ көлемінде  деп бағаланып отыр.

Компания 2013 жылы барлық барлау блоктарында 22 ұңғыны бұрғылауды жоспарлап отыр (11 барлау және 11 бағалау), оның 18-і тұзүсті және 4-еуі тұзасты. 2013 жылға жоспарланған 22 ұңғыдан, қазіргі уақытта 3 ұңғы жобалық тереңдікке жетті, 5 ұңғы бұрғылануда. Қалған 14 ұңғыны 2013 жылдың 3 тоқсанында бұрғылау жоспарланған.

АНЫҚТАМА

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2012 жылы 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 247 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2011 жылдың соңындағы жағдай бойынша 226 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,1 млрд. жуық баррелді құрайды. Компанияның акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдыңқыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтанастам АҚШдолларынтартты. 2011 жылдыңжелтоқсанындахалықаралықStandard&Poor’sагенттігі ҚМГ БӨ несиелікрейтингін «ВВВ-» деңгейіндерастады.

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика