«ҚазМұнайГаз» АҚ: Компания мен «Кей Си Казак Би. Ви» Корея консорциумы бірінші барлау ұңғымасының бұрғылау нәтижелері туралы хабарлады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Кей Си Казак Би. Ви» Корея консорциумы Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Жамбыл учаскесінде бірінші барлау ұңғымасының бұрғылау нәтижелері туралы хабарлады.

Үстіміздегі жылдың мамыр мен тамыз айлары аралығында аталмыш компаниялар «Жамбыл» (ZB-1) құрылымында 2 200 метр тереңдікте бірінші барлау ұңғымасының бұрғылау жұмыстарын жүргізді. Бұрғылау жұмыстарын ұйымдастырумен «Жамбыл Петролеум» операциялық компаниясы айналысты. Бұрғылау жұмыстарын тікелей жүргізген – халықаралық стандарттар бойынша сертификат алған «Теңіз Бұрғылау» ЖШС-і. Бұл мердігер кәсіпорын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының 100 пайыз еншілес кәсіпорыны болып табылады.

Бұрғылау қорытындысы бойынша орта мерзімдік шөгінділерден мұнай мен газдың перспективалық нысандары табылды. Аталған нысандарды сынау кезінде жақсы көрсеткіштер алынды.

Нысандарды сынау аяқталды.

«Жамбыл» құрылымында барлау ұңғымасының бұрғылау жұмыстары екі компания арасындағы келісім-шартқа байланысты осы құрылымда геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы жасалған «Каспиан Эксплорер» жаңа теңіз бұрғылау қондырғысымен жүргізілді. Қондырғыны жасауда бірінші рет Құрық портындағы (Маңғыстау облысы) қазақстандық компания «Ерсай Каспиан Контракторс» ЖШС-інің өндірістік қуаттылығы пайдаланылды.

Бұрғылау жұмыстары кезінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамаларының барлық нормалары, сондай-ақ халықаралық озық тәжірибенің нормалары да қатаң сақталды.

ҚМГ мен кореялық компания Жамбыл учаскесінде геологиялық-барлау жұмыстарын жалғастырады. Жамбыл құрылымында 3D сейсмикалық-барлау зерттеулері және «Жетісу» (ZT-1) құрылымында барлау ұңғымасын бұрғылауды жоспарлап отыр.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика