«ҚазМұнайГаз» АҚ: Компания ұйымдастырған «Қалам қуаты» атты дәстүрлі республикалық журналистік шеберлік байқауының жеңімпаздары марапатталды

Кеше Астанада салтанатты жағдайда «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ ұйымдастырған «Қалам қуаты» атты дәстүрлі республикалық журналистік шеберлік байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Байқауға республикалық және аймақтық газет редакциялары, телерадиокомпаниялар, шығармашылық бірлестіктер, ақпараттық агенттіктер мен штаттан тыс авторлар шақырылды.

Байқаудың негізгі мақсаттары - Қазақстанның мұнай-газ саласының жетістіктеріне жұртшылықтың назарын аударту, ҚР мұнай-газ саласындағы компанияның айқындылығы және ақпараттық ашықтылығына қызығушылығын арттыру, мұнай-газ тақырыбын көрсету үшін бұқаралық ақпарат құралдары жас мамандарының назарын аударту.

Байқауда 15 тамыз 2012 ж. мен 15 тамыз 2013 ж. аралығында республикалық және аймақтық БАҚ, сонымен қоса Интернет ақпарат құралдарында жарыққа шыққан 90-нан астам материалдар қаралды. Қазылар алқасы байқау шарттарына сай келетін қатысушылардың 13 журналистік жұмыстарын таңдап алды.

Байқау комиссиясының шешімімен Бас жүлде «Панорама» газетінің шолушысы Елена Бутыринаға тапсырылды. Бірінші орынға «PETROLEUM» қазақстандық сараптамалық журналының редакциясы және «Алаш айнасы» республикалық газетінің редакциясы ие болды. Екі екінші орын «Казахстан-Заман» газетінің меншікті тілшісі Светлана Муньянова мен «Интерфакс-Казахстан» АА тілшісі Елена Преображенскаяға бұйырды. «Мұнайлы астана» (Атырау қ.) газетінің бас редакторы Құттыгерей Cмадияр, «Деловой Казахстан» газетінің тілшісі Юрий Цай және «Хабар» агенттігінің меншікті тілшісі Виктор Сутягиндер үш үшінші орындарды бөлісті. Ынталандыру сыйлықтары Маңғыстау» (Ақтау қ.) газетінің тілшісі Әбдіғалым Сәркенов, «Айқын» газетінің меншікті тілшісі Айхан Шәріпов, «Мұнайлы астана» (Атырау қ.) газетінің тілшісі Оксана Мартынок, «Қазақстан» ұлттық арнасының журналисі Дулат Абибуллаев және «Контрактное агентство» компаниясының бас менеджері Нұрлан Жұмағұловтарға тапсырылды. ҚБТУ баспасөз хатшысы Ботагоз Торғаева мен Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ журналистика факультетінің студенті Аяулым Совет компанияның алғыс хаттарымен марапатталды.

Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

 


пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика