“KEGOC” АҚ: Компания Тараз қаласында қоғамдық тыңдаулар өткізді

2013  жылдың 22 тамызында “KEGOC” АҚ Тараз қаласында  «Мемлекетаралық 500 кВ-тық Қазақстан-Қырғызстан электр жеткізу желісінің құрылысы» жобасының қоршаған ортаға ықпалын алдын ала бағалау бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді.

Жоба Қазақстан мен Қырғызстан энергожүйелерінің қатарлас жұмыс істеу сенімділігін арттыруға бағытталған, сондай-ақ Қазақстанның Оңтүстік аймағындағы үш облысты  электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады, Қазақстан энергожүйесі үшін қосымша экспорттық, импорттық және транзиттік мүмкіндіктер тудырады.

Қоғамдық тыңдауларға БАҚ-тың,  Жамбыл облысы әкімдігі басқармаларының, Тараз қ. әкімдігінің, Мойынқұм, Мерке,  Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Тұрар Рысқұлов атындағы  аудандардың өкілдері және басқа мүдделі тұлғалар қатысты. “KEGOC” АҚ мамандары жобаны таныстырды және жергілікті жұртшылық өкілдерінің сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді.

Жалпы ұзындығы 400 шақырым 500кВ-тық әуе электр жеткізу желісін Алматы және Жамбыл облыстарының шектерінде тарту жоспарлануда. Алдын ала ҚОЫБ-ға сай электр жеткізу желісі ерекше қорғалатын аумақтар аймағында орналаспаған. Желілерді салу, қосалқы станцияларды қайта құру және кеңейту барысында қолданылатын қоршаған ортаны қорғау шаралары қоршаған ортаға әсерді мейлінше азайтады.

Жобаның құны 32 млрд. теңгеге бағаланып отыр, іске асыру мерзімі - 2013-2018 жылдар. Қаржыландыруды қарыз қаражаты мен «KEGOC» АҚ-ның өз қаражаты есебінен жүзеге асыру жорамалдануда.

Тыңдаулар Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес Қоршаған ортаға ықпалын алдын ала бағалау (Алдын ала ҚОЫБ) материалдары бойынша өткізіледі.

 Компания туралы ақпарат

«KEGOC» АҚ Қазақстан  біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия аясына кіреді. Компания балансында Қазақстанның ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,1 мың шақырым электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 34 ГВА болатын  74 электрлік қосалқы  станциясы бар. Компанияда  4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Толық  ақпарат  www.kegoc.kz  сайтында.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика