«Самұрық-Қазына» Қорының басқармасы «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның 2013 жылғы І тоқсандағы қызметінің есебін тыңдады

2013 жылғы 12 қыркүйекте, «Самұрық-Қазына» АҚ (Бұдан әрі – Қор) Басқармасы, Қор басшысы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен отырыста, «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның 2013 жылғы І тоқсандағы қызметінің есебін тыңдады.

Жиында Жылжымайтын мүлік қорының есепті кезеңде 881 млн. теңге таза пайда тапқаны атап өтілді, бұл жоспардағыдан 2% жоғары. Сонымен қатар, Жылжымайтын мүлік қорында шығын көлемі, соның ішінде жалпы және әкімшілік шығындар 23%-ға, қаржылық шығын 18%-ға азайған.

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы есепті кезеңде, құрылыс салушылар өтінімі бойынша, 6 инвестициялау келісімі жасалған. Бекітілген келісім бойынша нышандардың көлемі 578 мың шаршы метр немесе 7 464 пәтер, оның ішінде 5756 пәтер Жылжымайтын мүлік қорына тиесілі. 

Бүгінгі таңда Жылжымайтын мүлік қорының қарауында жалпы көлемі 348,8 шаршы метр болатын 16 тұрғын үй құрылысының жобасы бар. Сондай-ақ, Жылжымайтын мүлік қоры құрылыс салужда жергілікті жерді қамту мен кадрлық әлеуетті ұлғайтуға көңіл бөліп отыр. Іске асырылған жобалардың 70 %-ы қазақстандық үлес. Қор бұл көрсеткішті алдағы уақытта да сақтап қалуды көздеп отыр.

Жылжымайтын мүлік қорының есебін тыңдау нәтижесінде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жалға берілетін тұрғын үйлерді 2013 жылдың аяғына дейін іске қосу, жаңа стратегиялық бағыттар бойынша, соның ішінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық аясында салынатын «Жасыл квартал» жобасын қоса, өзге де инвестициялық жобалар бойынша жұмысты жандандыру тапсырылды.

Тақырып бойынша бейне:


пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика