«ҚазМұнайГаз» АҚ: «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы қызметкерлерінің арасындағы І спартакиадада Компания жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді

Назарбаев Университетінің спорт кешенінде 14-15 қыркүйекте  өткен «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы қызметкерлерінің арасындағы І спартакиадада  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Жарыс бағдарламасындағы мини-футбол, волейбол, асық ату, үстел теннисі және  шахмат секілді спорттың бес түрінен өткен додаға «Самұрық-Қазына» компаниялары тобының 19 кәсіпорнынан 350-ден астам адам қатысты. Спартакиада жеңімпаз атанған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрамасы «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» компаниясының спортшыларынан құралғанын  атап өткен орынды. Құрама сапында компания намысын қорғаған Атырау, Астана, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарынан келген спортшылардың бәрі де тамаша ойын көрсетті.

Спартакиаданың жалпыкомандалық есебінде екінші орынды 112,5 балл жинаған «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ иеленді , ал үшінші орынды тиісінше 110,5 балл жинаған «Самұрық-Энерго» АҚ пен «KEGOC» АҚ құрама командалары бөлісті.


«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау, жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларының 100%-і «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика