«Эйр Астана» АҚ: Әуекомпаниясы Қазақстанның төрт қаласында Білім күніне арналған қайырымдылық акциясын өткізді

«Эйр Астана» әуекомпаниясы Білім күніне және оқу жылының басталуына орай Алматы, Талдықорған, Атырау және Шымкент қалаларының мамандандырылған балалар мекемелеріне жалпы сомасы 6 989 319 теңге құрайтын спорттық және ойын мүкәммалын сыйға тартты.  Жоба «Аяла» қайырымдылық қорымен бірлесіп жүзеге асырылды.

Әуекомпаниясы мамандандырылған мектеп-интернаттардың мұқтаждықтарына талдау жүргізіп, айқындалған қажеттіліктерге сәйкес көмек көрсетті. Атап айтқанда, Алматы қ. №2 Сәбилер үйіне ойын кешені табыс етілді және 2 561 048 теңге сомасына балалардың ойнауына арналған жаппаға жөндеу жүргізілді, Талдықорған қ. құлағы нашар еститін және саңырау балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатына 1 298 192 теңге  сомасына балаларға ойын алаңын, С. Қазыбаев атындағы №1 Атырау облыстық мектеп-интернатының жетім балаларына – 2 263 324 теңге сомасына ойын кешенін, ал саңырау балаларға арналған №1 Шымкент мектеп-интернатына – 866 755 теңге сомасына спорт  мүкәммалын және балаларға ойыншық машиналарды сыйға тартты.

Балаларға көмек көрсету «Эйр Астана» әуекомпаниясының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады және әуекомпанияның аталған акцияны жүргізуіне әлеуметтік себептерге немесе денсаулықтарының проблемаларына байланысты толыққанды өмір сүре алмайтын балалардың өмірін жарқын бояулар мен қуанышқа бөлеу, сондай-ақ оларға салауатты демалыс пен қызықты бос уақытты қамтамасыз ету ұмтылысы себеп болды.

«2012 жылы ұлттық әуетасығыш қайырымдылық жобаларын өңірлерде жүзеге асыра бастады. «Эйр Астана» жұмыс істеп келе жатқан жылдар бойы онкологиялық және шұғыл емдеуді немесе шетелде ота жасатуға мұқтаж жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын балаларға тегін билеттер береді. Өткен Білім күніне орай біз балаларды оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, оларға жақсылық, денсаулық тілейміз және үздік оқуларына  шын жүректен тілектеспіз», - деп айтты «Эйр Астана» АҚ-ның вице-президенті Белла Тормышевна.

«Аяла» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангельды Сарсенов: «Балалардың білім беру мекемелерімен жұмыс жүргізе отырып, біз балалардың бос уақыттарын өткізетін және ойнайтын қоршаған аумақтарының футбол қақпалары және белтемірлермен ғана жабдықталғанын, онда балалардың бос уақытын өткізуге қызықпайтынын байқадық. Ал таза ауада ойнау – балалар денсаулығын сақтаудың  маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан, біз «Менің балалық шағымның аулалары» атты республикалық жобаны бастап, оның аясында Қазақстанның қалаларында заманауи ойын алаңдарын салу жоспарланып отыр».

2013 жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясы 12 қайырымдылық акцияға қатысты. Әуекомпания республикамыздың балалар үйлеріне және мектеп-интернаттарына қолдау көрсетуді одан әрі жалғастырады. «Эйр Астана» қайырымдылық және демеушілік бағдарламаларын жүзеге асыруда тұрақтылық және жүйелілік қағидаларын ұстанады және қоғам өмірін жақсартуға өзгерістер енгізу үшін өз үлесін қосуға ұмтылады!

***

«Эйр Астана»  Халықаралық әуе көлігі ассоциациясының (IATA) толық құқықты мүшесі және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның және   BAE Systems PLC  британдық компаниясының бірлескен кәсіпорны болып табылады, акциялары сәйкесінше қатысу үлесі 51% және 49%.

«Эйр Астана» -  Қазақстандағы Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі Еуропалық агенттігінің(EASA) Part -145 стандарттары бойынша әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді орындауға сертификатталған жалғыз коммерциялық әуекомпаниясы

Бүгінгі күні «Эйр Астана» әуекомпаниясының әуекемелері паркі B767-300, В757-200, А321, А320, A-319, E-190 27 ұшақтарынан құралады. «Эйр Астана» 20 ішкі және 43 халықаралық рейсті жүзеге асырады.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика