АО »Қазақтелеком»: ШҚО телекоммуникациялар дирекциясы «Ең үздік абонент күні» акциясы аясында үздік абоненттерді марапаттады

Бүгін қызметтердіңөтімділігін арттыру және абонеттердің ниеттілігін көтеру мақсатында, Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы «Еңүздік абонент күні» акциясын өткізді.

«Еңүздік абонент күні» акциясы «Мол табыс әкелген абонент», »Үнемі уақытында төлейтін абонент», «Ең ілгерінді абонент» номинациялары бойынша өтті. Таңдау Өскемен және Семей қаласы абоненттерінің арасында өтті.

Акция қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды. «Ең ілгерінді абонент» номинациясы бойынша Сергей Галяпин, «Мол табыс әкелген абонент» номинациясында қала тұрғыны Валентина Вершина, сондай-ақ «Үнемі уақытында төлейтін абонент» номинациясында Юрий Слабков анықталды.

Галяпин Сергейдің ұлы Андрейдің айтуынша, «Біздің үйге жаңа оптикалық кәбілді біраз жылдар бұрын жүргізген. Осыдан кейін әкем екеуміз «Қазақтелеком» АҚ қызметтерін қосуды шешкенбіз. Қазіргі уақытта біз сапалы теледидар, Интернет қызметтер қызметтерін және достарым, туыстарыммен шексіз сөйлесу мүмкіндігін алдым», - деді ол.

 Сондай-ақ, Семей қаласы бойынша «Ең ілгерінді абонент» номинациясында Светлана Бигдаирова, «Мол табыс әкелген абонент» номинациясында Светлана Анисимова және »Үнемі уақытында төлейтін абонент» номинациясында Меңдығалы Қырықбаев марапатталды.

Жеңімпаздарға грамоталар, радиотелефон, брендтік кепкалар, футболкалар, стакандар мен кітапшалар сияқты естелік сыйлықтары табысталды.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика