«ҚазМұнайГаз» АҚ: Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы

2013 жылғы 18 қыркүйекте Астана қаласында «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтай жиналысы өтті. Жиналысқа «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобына кіретін  барлау, өндіру, мұнай және газ тасымалдау, мұнай өңдеу, сонымен қатар сервис салаларында қызмет атқаратын кәсіпорындар кәсіподақ бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар  форумға ҚМГ еншілес мекемелері және жекелеген республика өңірлерінде қызмет ететін өндірістік құрылымдарының кәсіподақ жетекшілері келді.

Құрылтайға қатысушылар қоғамдық бірлестіктің жарғысын бекітіп, бірлестік төрағасын, орталық кеңес және бақылау-тексеріс комиссиясының мүшелерін тағайындады. Жиналыс барысында бақылау-тексеріс комиссиясының ережесі, бөлімше құрылымы, бастауыш мекемелер және мүшелік жарна мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, құрамына  10 облыстық, Астана және Алматы қалалық бөлімшелері кіретін салалық кәсіподақтың ұйымдастырушылық құрылымы бекітілді.

Мұнай-газ кешені қызметкерлері салалық кәсіподағының Төрағасы болып «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Әлеуметтік саясат және қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары Сұлтан Қалиев тағайындалды.

Ендігі кезекте қоғамдық бірлестік ресми тіркеуді қажет етеді.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика