«Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауыты тазартылған алтынның алғашқы париясын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жөнелтуді жүзеге асырды

«Тау-Кен Алтын» ЖШС («Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамының 100% еншілес ұйымы) Аффинаж зауыты 2014 жылғы 2 сәуірде  дайын өнім, тазартылған алтынның алғашқы париясын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жөнелтуді жүзеге асырды. 99,99% сынамалы стандартты банктік құймалы бірінші партияның көлемі шамамен 500 кг, жалпы құны- 21 млн. АҚШ долларынан асады.

Бұрын, 2014 жылғы  14 наурызда, «Тау-Кен Алтын» ЖШС пен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк арасында, мемлекеттік активтерді құнды бағалы металдармен толықтыру үшін Тазартылған алтынды сату-сатып алудың жалпы ережелері туралы шартқа қол қойылған болатын, өйткені Қазақстан Республикасының «ҚР Ұлттық Банкі туралы» Заңына сәйкес, Ұлттық Банк тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырады.

 

 «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауыты  ҮИИДМБ шеңберінде 2013 жылғы желтоқсанда Астана қаласында пайдалануға берілді.

Жобаны іске асырудың стратегиялық мақсаты, еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының алтын валюта қорын қалыптастыру мақсатында мемлекеттің аффинаж зауытында құнды бағалы металдардан тұратын қазақстандық шикізатты қайта өңдеу жөніндегі Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау болып табылады.

Іске қосылғаннан кейін,  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2013 жылғы 19желтоқсанда зауытта болды.

 

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика