«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің ОКҚ өткен жекешелендіру мәселелері бойынша баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзі

Қордың құрылымына бақыланатын да, сондай-ақ бірлесіп бақыланатын 599 компания кіреді. Қордың өз активтерінің құрылымын оңтайландыру бойынша тұрақты әрі жүйелі жұмыс жүргізіп жатқандығын атап көрсету қажет. Айталық, Директорлар кеңестері бекіткен және компаниялар іске асырып жатқан Активтерді қайта құрылымдау жөніндегі бағдарламалар шеңберінде, мысалы,   

- Қазмұнайгаз  оның еншілес ұйымдарын басқару құрылымын оңайлатты: олардың басшылары сонымен бір мезгілде ҚМГ Басқармасы төрағасының орынбасарлары болып табылады;

- ҚТЖ-да бейінді активтер жаңадан құрылатын «ҚТЖ-Жүк тасымалдары», «ҚТЖ-Жолаушылар тасымалы», «ҚТЖ–Инфрақұрылым» компаниялары құрылымдалды, ал жекелеген бейінді емес активтер (мысалы, «Теміржолмашжөндеу» және «Теміржолсужылужабдықтау») таратылды;

- Самұрық-Энергода –  ҚМГ-Энерго, Қазқуат, Екібастұз Энерго орталығы таратылып, ал «Самұрық-Энерго Құрылыс Сервис» бейінді емес ретінде сатылды;

- Қазатомөнеркәсіпте артық басқару звеносын болдырмау және қайталау мақсатында корпоративтік орталыққа   «Тау-кен компаниясы» біріктірілді;

- KEGOK-та бейінді емес сервистік компания таратылды.

Ел басшылығының соңғы тапсырмаларын есепке ала отырып, активтерді оңтайландыру және қайта құрылымдау бойынша көрсетілген жұмыc жаңа қарқын алды. Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін біз Жекешелендіру бағдарламасын дайындап жатырмыз, оның негізгі ережелері туралы баяндағым келеді.

Ең алдымен, 2013 жыл ішіндегі бейінді емес активтер мен объектілерді қайта құрылымдау бойынша жұмыстың нәтижелеріне тоқталып өтемін. 

Өткен жылдың аяғында бәсекелі ортада 11 бейінді емес актив және 394 объекті сатылған болатын. Сатылғанның арасында - «Мейірім» медицина орталығы, «Орман Бұлақ» аң шаруашылығы, Тараздағы Газовик қонақүйі, «Самұрық-ЭнергоҚұрылысСервис», «Сеңгірбай» демалыс базасы, Алматыдағы  3 балабақша, Шиелідегі FLY ойын-сауық орталығы, 355 пәтер, кеңселік үй-жайлар мен гараждар, «Семсер оқу орталығы», т.б. 

2014-15 жылдары бәсекелі ортада активтерінің жалпы теңгерімдік құны 50,8  млрд.теңге болатын тағы 16 бейінді емес актив пен 19 объекті сатылатын болады. Олардың арасында – Думан қонақүй кешені, Сарыағаш санаторийі, Ақбұлақ сауықтыру кешені, ҚТЖ оңалту орталығы, Боржоми Ликани (Грузия), Айсир туризм (Түркия), Алтын Толқын (Қырғызстан) отельдеріндегі үлестер, Өскемен қаласындағы Мәдениет сарайы және т.б.

ЕДБ туралы

БТА-Банк, Темірбанк және Альянс Банк акциялары жеке меншік секторға іс жүзінде сатылды.

Халықтық IPO туралы

«Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде қор нарығына Қазтрансойл акцияларының 10%-дық пакеті табысты шығарылғаны белгілі. 2013 жылы инвестициялық кірістілігі 23%-дан астамын құрады, а.ж. қаңтар-сәуірінде акциялардың орташа өлшенген бағасы орналастыру бағасынан 60%-ға жоғары болды

Біз осы бағытта  жұмысты жандандыруды және халықтық ІРО-ға  KEGOC (ағымдағы жылы) және Самұрық-Энерго (келесі жылы) акцияларының пакетін шығаруды қажет деп санаймыз, ол үшін Үкімет деңгейінде бірқатар проблемаларды дер кезінде шешу талап етіледі, ол жөнінде бұдан әрі айтамын.

Жекешелендірілетін компаниялар тізбесі туралы 

«Самұрық-Қазына» АҚ Жекешелендіру бағдарламасы Yellow Pages Rule қағидаттарына сүйеніп, әлемдік тәжірибені ескере отырып әзірленді.  

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Қордың тобы  мынадай өлшемдер негізінде жекешелендірілетін активтер тізбесін дайындады: компаниялар толығымен Қордың құрылымынан жеке меншік секторға шығарылады, егер

- олар бейінді емес өндірістермен айналысса  (мысалы, Қазатомөнеркәсіптегі күн батареясы өндірісі);

- нарықта қызметтің осыған ұқсас түрлерін жүзеге асыратын басқа жеке меншік компаниялар бар болса;

- олардың стратегиялық маңызы жоқ болса және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі, қорғаныс қабілеті және құқық тәртібі мәселелерін қозғамаса;   

- олардың мемлекет халықты әлеуметтік қолдау бойынша функцияларды орындаған кезде қоғамдық мәні болмаса.

Қалған жағдайларда (яғни, егер нарықта осындай компаниялар жоқ болса, немесе стратегиялық маңызға және әлеуметтік мәнге ие болса) компания ішінара – не қор нарығында, не стратегиялық инвесторды ықтимал түрде тарта отырып, аукцион арқылы жекешелендірілуі мүмкін. Бұл ретте акциялардың бақылау пакеті Қор тобында қалады, ал оның мөлшері компанияның стратегиялық және әлеуметтік маңыздылығы дәрежесімен айқындалады.

Осы тәсілдерге негізделген жекешелендіру Қордың стратегиясына сәйкес келеді және мынадай мақсаттарды көздеп отыр: 

- Қор активтері құрылымын оңтайландыруды;

- корпоративтік басқару деңгейін және тиісінше, компаниялар жұмысының ашықтығы мен тиімділігін арттыруды;

- компанияларды дамыту үшін технологиялар трансферті мен капитал тартуды;

- шағын және орта бизнестің дамуын ынталандыруды;

- қазақстандық қор нарығын дамытуды ынталандыруды.

Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет!

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика