«businessnews.kz»: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 209 компанияны жекешелендіруге шығарады

Қазақстанда квазимемлекеттік сектор ұйымдарын жекешелендірудің екінші толқыны басталады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев хабарлады.

«Жекешендіруге жататын компаниялардың тізіліміне келсек, біз қазір yellow pages принципі бойынша, кәсіби емес бизнеспен айналысатын компанияларды іріктеп алдық. Мысалы, «Қазатомөнеркәсіптегі» күн батареясын шығаратын компаниялар немесе нарықта жекеменшік компаниялармен бәскелес болатын, болмаса стратегиялық маңызы жоқ, ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне қатыссыз, қоғамдық маңызы төмен компаниялар таңдауға түсті», – деді ол.

«Нәтижесінде, 599 компанияның 209-ын шығарып отырмыз. 103 компанияны сату жекешелендіру бағдарламасы аясында жүзеге асырылса, 50 компанияны біз екінші деңгейлі банктермен бірлесіп сатудамыз. 54 компания жабылады, 20 компания қайта құрылып, мемлекеттік органдарға беріледі», – деп түсіндірді Ө.Шөкеев.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика