«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қызметкерлері Астанада Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 6 жылдығы қарсаңында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін келе жатқан мереке – Жеңіс күнімен құттықтады.  

Қордың өкілдері ардагерлердің үйіне барып шықты. Аппарат жетекшісі Рүстем Бектұрымов Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтап, мерекелік ақшалай сыйлықтар мен азық-түлік жиынын тарту етті.

Ардагерлер  қонақтарды қуана қарсы алып, майдандағы естеліктерінен сыр шертті.

90-ға толған қарт майдангер Айтбай Жанәбілов 1942 жылы әскерге шақырылып, 3-ші Белорус майданында соғысқан.

Ардагерлердің әңгімелерінің қашан да тәрбиелік мәні зор, олар сұрапыл жылдардың, тауқымет жылдарының ұмытылмас қайғысын баяндайды. Әлбетте, майдангерлер осы қанды қырғынды естеріне ала бергісі келмейді.

Сондықтан да болар, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдірахманова Тамара Алексеевна қызметкерлерге өзін ұмытпай келіп тұратындары үшін  ризашылығын білдірді. Ол биыл 92 жасқа келді.

30 наурызда 90-ға толған Алексей Андреевич Камышный да алғысын жаудырды:

- Қазақстан мықты мемлекет болуын тілеймін. Жеңістің құны өлшеусіз екенін ұмытпағайсыздар. Сұм соғыс ешқашан қайталанбасын. Балаларымыз бен немерелеріміз тек жарқын күндердің куәсі болсын.

Астанада бүгінде 258 ардагер тұрады, оның ішінде 194 адам – Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Ардагерлердің 218-і әйел, 40-ы ер азаматтар.

Дәл осынау күні біз ата-әкелеріміздің батырлық айбынын аса қатты сезінеміз. Қаншама жыл өтсе де, олардың ерлігі биік рухтың, қайсарлықтың, отансүйгіштіктің үлгісі болып қала бермек.

 

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика