«Бейбітшілігі жарасқан ел» балалар конкурсының жеңімпаздары марапатталды

2014 жылғы 30 мамырда «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күні қарсаңында осы мерекеге орай ұйымдастырылған «Бейбітшілігі жарасқан ел»(«Страна, где царит мир») балалардың суреттері конкурсының қорытындысын шығарды.

Конкурсқа компания қызметкерлерінің 5 жастан 9 жасқа дейінгі жас аралығындағы балалары мен немерелері қатысты. Қазылар алқасына барлығы 20-дан астам шығармашылық жұмыс ұсынылды.

Конкурсты өткізудің негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттері мен бастамаларын ынталандыру, сондай-ақ бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау болып табылады.

Конкурсқа қатысушылардың барлығына сыйлықтар берілді, үздік туындылар арнайы жүлделермен марапатталды. Бірінші орынды 8 жасар Төлеген Жәңгір иеленді. Екінші орынға Яркова Ангелина ие болды, Жансерік Шардарбеков және Яркова Ксения үшінші орынды бөлісті.

Балаларды марапаттау рәсіміне Аппарат басшысы Бектұрымов Рүстем Серікбайұлы қатысты.

-      Арымыз да, барымыз да – Бала. Дүниеге бала көзімен қарау, бүлдіршіндерді қуанту, олар үшін қуану – осыдан асқан бақыт бар ма? Балаларымыз бейбітшілік жайлаған, ынтымағы жарасқан елде ғұмыр кешсін, - деді Рүстем Бектұрымов.

Барлық шығармалық жұмыс «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ кеңсесінің ғимаратында, сайтта және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

 

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика