«Қазпочта» АҚ почта қызметтерінің қолжетімді болуы және ауылдық жерде ШОБ дамыту мақсатында классикалық франшиза схемасы бойынша кеңеюде

«Қазпочта» АҚ жаңа почта байланысы бөлімшесі классикалық франшиза схемасы бойынша бірінші рет ашылғаны туралы хабарлайды. Осы схема әлемнің көптеген почта әкімшіліктерінде  қолданылады. Бұл почта қызметтерін көрсету құқықтарын үшінші тұлғаларға беруді болжайтын халықаралық тәжірибе.

Компания өкілдері үй-жайлар (дүкен, дәріхана) иелерінің арасында почта қызметтерін көрсетуге арналған кәсіпкерлікті талдауды жүргізеді. Тиісті шарт жасалғаннан кейін кәсіпкер почта жөнелтілімдерін қабылдау және беру қызметтерін көрсетеді. Осылайша, ауылдық жердің тұрғындары үшін күні бойы, демалыссыз және үзіліссіз почта қызметтерін пайдалану мүмкіндігі бар.

«Бұл – шағын және орта бизнестің дамуына себепші болатын, ауылдық жерде почта қызметтерінің қолжетімділігін ұйымдастыру жөніндегі жоспардың шеңберінде іске асырылған пилоттық жоба. Пилоттық жоба ұйымдастырылғаннан кейін, шалғайдағы елді мекендерде почта қызметтеріне қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік беретін талдау жасайтын боламыз» - деп пікір білдірді «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Мусин.

Осы сервис  Абылай хан ауылдық округінде орналасқан Ақылбай ауылында ұсынылады. Халық саны 900 адамды құрайды, оның ішінде 112-сі зейнеткер. Осы пошта бөлімшесінде бекітіп берілген елді мекен, халық саны 258 адамнан тұратын Озерный ауылына да қызмет көрсетіледі.  

***

«Қазпочта»  АҚ – почталық, қаржылық және логистикалық қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасының ұлттық почта операторы. Дүниежүзілік почта одағының мүшесі, VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің принципті қатысушысы. «Самұрық-Қазына» АҚ компанияның жалғыз акционері болып табылады.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика