«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев әйгілі «Tour De France» велокөпкүндігінің жеңімпазы - «Astana Pro Team» велокомандасының өкілдерімен кездесті

«Astana Pro Team» - «Астана» президенттік кәсіптік спорт клубындағы біздің негізгі активіміз. Біз жеңімпаздарға хош келіпсіздер дейміз. Шілдеде «Тур де Франс» бәсекелерінде бұл ұжым талайға таңдай қақтырды. Атап айтқанда Винченцо Нибали беделді турдың жалпы есептегі жеңімпазы атанды»-деді Ө.Шөкеев. «Біз бұл жеңісті асыға күттік. Күллі Қазақстан жанкүйерлері жарыстан көз жазбай қарап, дем беріп отырды. «Astana Pro Team» триумфы біздің елдің спорттық жетістіктері қоржынына түскен сүбелі үлес деп білемін. Астана атауы 20 күн бойы Еуропаның барлық жетекші арналарынан түспеуінің өзі өте ауқымды іс. -деді ол.

Ө.Шөкеев құрылғанына көп уақыт болмаса да, «Астана» президенттік кәсіптік спорт клубы толайым табыстарға кенелгенін атап айтты. «Құрылғанына небары 2 жыл толғанына қарамастан, клуб мүшелері айтулы жетістіктерге жетті. Осындай клуб құру туралы бастама дер кезінде қабылданған дұрыс шешім. Біз клуб қатарына еліміздің спорттық имиджін қалыптастыратын үздік командаларды жинақтадық»,- деп сөзін қорытындылады Қордың басқарма төрағасы.

«Astana Pro Team» велокомандасы «Самұрық-Қазына» АҚ құрған «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының құрамына кіреді.

Тақырып бойынша бейне: 



Тақырып бойынша суреттер:

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика