«Самұрық-Қазына» АҚ 2014-2016 жылдардағы Жекешелендіру бағдарламасына мүдделі инвесторлардың қатысуы мәселелеріне байланысты алғашқы жария кездесу өткізді

«Самұрық-Қазына» АҚ 2014 жылғы 29 тамызда, Астанада Қор компаниялары тобының активтерін 2014-2016 жылдары сату бағдарламасының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша мүдделі инвесторлармен алғашқы жария кездесу өткізді.

Шара барысында Қор мен оның еншілес компаниялары жетекшілері жекешелендірілетін активтерді сату ережелерін түсіндіріп, «Самұрық-Қазына» АҚ тобының жылдың аяғына дейін сатылуға жоспарланған ең тартымды нысандарымен таныстырды. 

Қор Басқармасы төрағасының орынбасары Елена Бахмутова, кіріспе сөзінде, инвесторлар қауымдастығымен байланысты нығайту Қор активтерін сату бағдарламасының тиімділігін арттыруға оң ықпал ететінін атап өтті. 

«Біз үшін кері байланыстың маңызы зор, инвесторлар қауымдастығы тарапынан қызығушылық болып жатса, Қор мұндай кездесулерді жүйелі түрде өткізетін болады», - деді ол.

«Қазақстан темір жолы»ҰК АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ,  «ҚазАтомПром» ҰАК АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдері инвесторларды таяу арада бәсекелестік ортаға шығарылатын компаниялардың қаржы-операциялық мәліметтерімен таныстырды.

«Самұрық-Қазына» Компаниялар тобының активтерін сату бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған уақыттан бері құны 835,8 млн. теңге болатын үш нысан сатылды. Осы ретте компаниялар өзіндік бағалау құнынан 1,8 есе артық бағаға сатылып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, жақын айларда сатылатын компаниялар мен оларды сату тәртібі туралы барлық ақпарат Қордың ресми сайтындағы «Жекешелендіру» бөліміне орналастырылған. Сондай-ақ, бұл ақпараттарды call-орталықтағы мына телефонға + 7 (7172) 55 22 66 хабарласып, алуға да болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Үкіметі «Самұрық-Қазына» АҚ бірлесіп, 2014-2016 жылдардағы жекешелендірудің кешенді жоспарын жасағаны белгілі. 2014 және 2020 жылдар аралығында Қордағы  106 актив пен нысанды жекешелендіру көзделіп отыр, оның 64 нысанын 2014 жылдың аяғына дейін жекеменшік секторға беру жоспарланған. Бұл Бағдарламаны іске асыру мемлекеттің ел экономикасына қатысын азайтып, жеке сектордың үлесін арттыру арқылы оның іргесін нығайтуды мақсат етеді. 

Тақырып бойынша бейне:


пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика