«Қазпочта» АҚ қызметкерлері алдында трансформация бойынша негізгі міндеттер айтылды

«Қазпочта» АҚ акционерлерімен, Директорлар кеңесі мүшелерімен және компанияның қызметкерлерімен Трансформация бағдарламасын іске асыру мәселелері жөнінде кеңейтілген мәжіліс өткізілгені туралы хабарлайды.

Мәжіліс барысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев трансформация бағдарламасын іске асыру кезінде Қор белсенді инвестордың моделіне   назар аударатын болатынын атап өтті. Осы модель еншілес компаниялардың директорлар кеңесінің күшеюін, қызметтің негізгі көрсеткіштері (KPI) арқылы міндеттерді дұрыс қоюды, Қордың портфелін оңтайландыру мен жекешелендіруді  және Қордың әлеуетін кәсиби акционер ретінде арттыруды болжайды. 

«Қазпочта» - ұлттық почта операторы. Оның әлемдегі жетекші компаниялардың деңгейінде болуы маңызды. Маккензи талдауы көрсеткендей, Қазпочтада еңбек өнімділігі төмен. Біз тарихи қалыптасқан операциялық қызметтерді толығымен қайта қарауымыз, оларды автоматтандыруымыз және артықтарын алып тастауымыз керек»,  - деді Шөкеев мырза.

«Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Мусин қызметкерлер алдында сөз сөйлеп, трансформация бағдарламасының маңыздылығын және компания қызметкерлерінің осы процестегі ролін атап өтті. 

«2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы «Қазпочта» АҚ жиынтық кірістері 13% өсіп, 30,5 млрд. теңгені құрады. Компания өз тиімділігін арттыру мақсатында алға қойылған барлық мақсатты орындау бойынша жоспарлы түрде жұмыс істеуде. Қызметтер мен сервистің бәсекеге қабілеттігінің әлсіздігі, клиенттердің қанағаттанбаушылығы, ауылдық бөлімшелердің төмен рентабельдігі кезінде қол еңбегінің үлкен көлемімен жаңа технологияларды енгізу ғана емес, басқаруды және корпоративтік мәдениетті ұйымдастыруды өзгерту де талап етілетінін түсінеміз»,- деді  Б. Мусин. 
  
Қазіргі уақытта «Қазпочта» АҚ-да трансфорция жобаларымен жұмыс бойынша  36 сарапшыдан тұратын команда құрылды. Компания қызметкерлерден технологиялар мен процестерді жақсарту жөніндегі идеялар мен ұсыныстарды жинау үшін портал құрды.  

Бағдат Мусин өзгерістер процестердің, технологиялардың өзгеруі және  адамдардың өзгеруі арқылы болатынын атап өтті және әрбір қызметкердің, оның ішінде филиалдар қызметкерлерінің бизнесті трансформациялау процестеріне қатысуына назар аударды. 
***
«Қазпочта»  АҚ – почталық, қаржылық және логистикалық қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасының ұлттық почта операторы. «Қазпочта» АҚ ең ауқымды филиал желісіне – 3131 стационар өндірістік почта байланысы объектілеріне (оның ішінде 2185-і ауылдық) иелік етеді, республиканың  шамамен 90% ауыл аймағына компания бөлімшелерінде ғана негізгі қаржы қызметтері қолжетімді.

Дүниежүзілік почта одағының, Posteurop еуропа почта операторлары қауымдастығының мүшесі болып табылады, VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің принципті қатысушысы. «Самұрық-Қазына» АҚ компанияның жалғыз акционері болып табылады.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика