«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы спортшылары ішінде ҚТЖ топ жарды

17 команда арасында мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, армрестлинг түрлерінен сайыстардан «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының құрама командасы 22 медальге  ие болды. 
 
Бессайыс қорытындысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 134 ұпай санымен турнирдің бас бәйгесін еншіледі. Екінші орынды бір ұпайы төмен «Қазатомөнеркәсіп» АҚ, (133 ұпай), үшінші орынды 129 ұпаймен «Самұрық Энерго» АҚ иемденді. 
 
Жарыс қорытындысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қоржынын үш алтын, тоғыз күміс, он қола медаль толықтырды.
 
Шымкент жол бөлімшесінің спорт жөніндегі нұсқаушысы  Елена Меньшина (шахмат), Әскерилендірілген күзет қызметі менеджері Анастасия Лаврова (үстел теннисі), Ғылыми-техникалық ақпарат және сараптау орталығының баспа бөлімінің бастығы Қарлығаш Исрайлова (армреслинг)   алтынға қол жеткізді. «Әскерилендірілген күзет қызметі» АҚ менеджері Данил Пак (үстел теннисі) күміске, «Қазтеміртранс» АҚ логистика жөніндегі бас маманы Мақсат Алагөзөв (шахмат) пен «ӘКҚ» АҚ» Атбасар станциясының ауысым бастығы Анатолий Литвинов (армреслинг) қола медалды жеңіп алды.
 
Барлық жеңімпаздар дипломдар мен қаржылай сертификаттармен  марапатталды.
 
Жалпыкомандалық спартакиада алтынын иемденген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ командасының әрбір қатысушысы сайысқа үлкен жауапкершілікпен дайындалса, спорттық мәселеге баса назар аударып отырған компания басшылығының оң саясаты да өз нәтижесін көрсетті.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика