Нұрлан Қаппаров Уральск электрохимия комбинатында болды

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы танысу сапарымен 25%+1акциясы «Уран байыту орталығы» ЖАҚ (УБО) қазақстан-ресей бірлескен кәсіпорнына тиесілі«Уральск электрохимия комбинаты» ААҚ-да (УЭХК) болды.

Қазатомөнеркәсіп делагациясы «УЭХК» ААҚ орналасқан Свердловск облысындағы Новоуральск қаласында УБО бойынша серіктестері – «Росатом» мемлекеттік корпорациясы өкілдерімен кеңес өткізді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басшысы Нұрлан Қаппаров пен «Росатом» МК Халықаралық қызмет блогының директоры Николай Спасский атом энергетикасы саласындағы қазақстан-ресей ынтымақтастығының кешенді бағдарламасын іске асырудың барысы жайын талқылап, өндіруші кәсіпорындар құру және байыту жөніндегі қызметтерге қол жеткізу кезеңдері сәтті жүзеге асырылғанын атап көрсетті. Енді тараптар Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесін талқылауға көшеді.

«Росатом» мемкорпорациясының ЯОЦ және АЭС циклдарын басқару жөніндегі директоры Владислав Корогодин Қазатомөнеркәсіптің жаңа басшысын «УБО» бірлескен жобасымен таныстырды: орталықтың тарихы туралы әңгімелеп, іске асыру сызбасына және жобаның болашағын бағалауға толығырақ тоқталып өтті.

Одан әрі Н. Қаппаров ресейлік әріптестерімен бірге УЭХК өндірістік алаңдарын: уран сақтау қоймаларын, негізгі технологиялық цех және дайын өнімдерді контейнерлерге орналастыру учаскесін аралады.

– УБО маркасымен комбинаттың алғашқы өнімін тұтынушыларға жөнелткенімізге де жылға жуық уақыт болыпты. Менің пайымдауынша, біздің ынтымақтастығымыз қажетті арнада дамып келеді және ол мұнан да ұлғая түспек. Комбинатқа 65 жыл толды – оған бүкіл әлем сенеді. Оның клиенттері арасында еуропалық және америкалық серіктестер бар. Біз сенім артамыз және мұнан былай да бірге жұмыс жүргізетін боламыз, - деді Н. Қаппаров.

– Уральск комбинаты жәй  ғана ірі бөліс-сублиматикалық кәсіпорны емес, ол біздің Қазақстанмен ынтымақтастығымыздың базасы. Ядролық отын циклының шешуші бөлігі бойынша УЭХК базасында бірегей кәсіпорын – Уран байыту орталығы құрылған, ресей ядролық энергетикасында осындай екінші кәсіпорын жоқ. Бұл табысты жұмыс істеп тұрған және халықаралық нарыққа шығатын нақты бизнес-бірлік. УБО бүгінде біздің ынтымақтастығымыздың ең бір жарқын үлгісі, бірақ жалғыз мысалы емес – ынтымақтастық кешендік сипатқа ие, - деді Н. Спасский.

 

 «УЭХК» ААҚ   (Новоуральск қ., «Росатом» мемкорпорациясының кәсіпорны) уран байыту жөнінен әлемдегі ірі кәсіпорын. Уран изотоптарын бөлшектеу және ядролық зарядтар үшін жоғары байытылған уран алу бойынша елдегі бірінші кәсіпорын. «Росатом» мемкорпорациясының шешіміне сәйкес Уральск электрохимия комбинаты «ТВЭЛ» ААҚ базасында құрылған Отын компаниясы құрамындағы кәсіпорындар қатарына енген.

 

«Росатом» атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорация («Росатом» мемкорпорациясы) құрамында Ресейдің атом саласындағы барлық азаматтық компаниялары бар 270-ден аса кәсіпорын мен ғылыми ұйымдарды, ядролық қару кәсіпорындарын және дүние жүзіндегі жалғыз мұз жарғыш флотты біріктірген. Сондай-ақ, «Росатом» мемкорпорациясы елдің еуропалық бөлігінің 40%-дан астамын электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған Ресейдегі ірі қуат өндіруші компания.

 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Қазатомөнеркәсіп сондай-ақ, Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамыту бағдарламасының белсенді қатысушысы. Бүгінгі таңда компанияда 25000-нан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.

www.kazatomprom.kz

 

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика