«Самұрық-Қазына» АҚ директорлар Кеңесі «Халық ІРО» бағдарламасы аясында «KEGOC» АҚ акцияларын саудаға шығарудың негізгі параметрлерін белгілеп берді.

«Самұрық-Қазына» АҚ директорлар Кеңесінің 2014 жылы 16 қазанда өткен отырысында «Халық ІРО» бағдарламасы аясында саудаға шығарылатын «KEGOC» акцияларының құны, саны мен оны орналастыру мәселелері қаралды. 

Қазақстан Республикасының «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңының талаптарына сәйкес аталған шешімді Қордың жалғыз акционері - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітуі тиіс. Ал акцияларды сатуға шығару шарттары туралы толымды ақпарат Үкіметтің тиісті Қаулысы қабылданған соң жарияланатын болады.

Сонымен қатар, Қордың директорлар Кеңесі консультациялық қызметке жұмылдыру барысында мүдделер қайшылығының алдын алу жөніндегі Саясатты бекітіп берді. Ол болуы мүмкін мүдделер қайшылығын ерте анықтап, алдын алуға септесіп, оны басқару қағидаларын белгілейді.

«Тәжірибе жүзінде мүдделер қайшылығы алынған құпия ақпаратты жариялау мен компанияға қарсы пайдалану; салдарынан шын мәніндегі шығын мен табысты жоғалту; активтерден айырылу; іскерлік беделге нұқсан келтіру сынды айтарлықтай салдарын тигізуі мүмкін. Осы орайда, Қор консультанттармен қарым-қатынас орнатуда қазір пайдаланылатын тәжірибені болуы мүмкін мүдделер қайшылығын болдырмау тұрғысынан қайта қарайтын болады»,-деді директорлар Кеңесіне құжатты таныстырған баяндамашы, «Самұрық-Қазына» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі Бас директоры - Басқарма Мүшесі Талғат Сәрсенбаев.

Отырыста Қор қызметіне қатысты өзге де мәселелер қаралып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

«Самұрық-Қазына» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаменті:

  +7 (7172) 554114;  +7 (777) 777 72 89

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика