Паралимпиадалық құраманың толайым табысы

ҚАЙТПАС ҚАЙРАТ, ҚАЙСАР РУХ 

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Азия ойындары өтті. Құрлықтық бәскелерде ұлттық құрама команда жалпы саны 24 медаль жеңіп алды.  Соның 7-еуі алтын, 6-ауы күміс және 11-і қола жүлде. Бейресми жалпы командалық есепте Қазақстан паралимпиадалық командасы 11-ші орынға табан тіреді. Бұл сынға әлемнің 41 мемлекетінен 2 мың 500 спортшы қатысқан болатын.  Айтулы бәсекеге Қазақстан атынан қайсар рухты 84 мүмкіндігі шектеулі жан аттанып, спорттың 9 түрінен сынға түсті. Жігері жасымаған қайсар рухты спортшылардың бас демеушісі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры.

Тақырып бойынша бейне:


пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика