«Халық ІРО» Бағдарламасына халықтың қатысуы үшін барлық жағдай жасалуда

Еліміздің 25 қаласында 30 мыңға жуық адам «Халық ІРО» Бағдарламасын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған ашық лекциялар мен презентацияларға қатысты. Ал «Қазпошта» еліміздің кез-келген өңірінде «KEGOC» АҚ-ның акцияларын сатып алуға тапсырыс беру мүмкіндігін ұсынады. 

«KEGOC» компаниясының бірден-бір акционері ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ Бағдарламаны, оның мақсат-міндеттерін, бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеу принциптерін жүзеге асырудың механизмдері туралы кеңінен ақпараттық-білім беру науқанын жүргізіп жатыр.

Жазылу бастлғаннан бергі 6 жұмыс күні, яғни қарашаның 5-і мен 12-сі аралығында 1 мың 156 тапсырыс келіп түсті. Тұрғындар жалпы сомасы 581  миллион 424 мың 175 теңгеге 1 миллион  151 мың 335 дана акция алуға жазылды. Әр акцияның құны - 505 теңге.

Осы орайда «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларына жазылудың сәйкес мерзімімен салыстыратын болсақ, ол кезде жалпы саны 947 тапсырыс берілгенін айта кеткен жөн.

«Қазір ақпараттық науқанның нағыз қызған шағы. «Халық ІРО» Бағдарламасының табысты болуы қазақстандықтардың бұл шараға белсенді қатысуына байланысты.  Акцияларды сатып алуға уақытылы  және тиімді өтінім беру үшін дәл қазір брокермен алдын-ала келісімшарт жасасып, брокердің клиент есепшотын ашуы маңызды болып табылады», - деді аталған ақпараттық науқан барысына арналған баспасөз мәслихатында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі – Бас директордың орынбасары Ерқанат Әбени.

Өңірлерде білім беруге бағытталған ашық лекцияларды жүргізу ақпараттық науқанның маңызды тұсы болып табылады.

Кәсіби жаттықтырушылармен бірге, қор нарығының тәжірибелі сарапшылары, атап айтсақ, «Асыл Инвест» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Private Asset Management» АҚ, «Фридом Финанс» АҚ сияқты брокерлік компаниялардың өкілдері Бағдарламаның жүзеге асырылу механизмдерін егжей-тегжейлі түсіндіреді.

«Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебі 2014 жылдың 1-ші қазанынан 10-шы қарашасына дейінгі аралықта 25 қалада, нақты ондағы кәсіпорындар мен ұйымдар базасында 29 мың 655 адамды қамтыған ашық лекциялар мен презентациялар ұйымдастырған. Соның ішінде, 70 лекция (6034 адам) мен 246  презентация (23639 адам) өткізілді.

Ақпараттық-білім беру шаралары «Халық ІРО» Бағдарламасы аясында қараша айының соңына дейін жүргізіледі.

Ақпараттық-білім беру науқаны аясында қазан айынан бастап 16 облыс орталығында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін жылжымалы бекеттер (арнайы брендтелген  автобустар) жүріп тұрады. Олар «Халық ІРО» Бағдарламасы бойынша өткізілетін іс-шаралар жайында хабарлап, тұрғындар арасында ақпараттық жадынамалар таратады.

Өз кезегінде «Қазпошта» АҚ еліміздің кез-келген өңірінде «KEGOC» компаниясының акцияларын сатып алуға өтінім берудің мүмкіндіктерін ұсынады. «Халық ІРО» Бағдарламасында ұлттық пошталық оператор басқа брокерлік компаниялардың брокері және трасфер-агенті ролін атқарады. Брокерлік есепшот ашып, акцияларды сатып алуға клиенттік өтінім беру үшін ҚР азаматының жеке идентификациялық номері (ЖИН) көрсетілген төлқұжаты немесе жеке куәлігі қажет. Клиенттердің уақытын үнемдеу мақсатында компания «KEGOC» АҚ-ның акцияларын сатып алу үшін брокерлік есепшотты пошта байланысының бөлімдерінде алдын-ала ашуды ұсынады. Себебі брокерлік есепшотты ашу шаралары қолданыстағы заңға сәйкес үш күнтізбелік күнді қажет етеді.

«Қазпошта» АҚ-ның Басқарушы директоры Санат Аханов: «Бірінші кезең біткен соң, сервис және клиенттерге қызмет көрсету сапасын жетілдіру бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Бұл жылы қызметкерлер әлеуетті инвесторларға қызмет көрсету бойынша арнайы оқудан өтті. Олардың жалпы саны шамамен 2000 адам», - деп атап өтті.

Брокерлік қызмет туралы мағлұмат алу үшін 19 брокерлік компанияның көңіліңіз қалағанына  хабарласа аласыз.

Орталық ақпараттық ресурс - www.halyk-ipo.kzвеб-сайтында орналасқан және тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желінің номері 8 8000 70 15 70. Оған еліміздің кез келген аймағынан тегін телефон шалып, тәулігіне 24 сағат толымды ақпарат алуға болады.

«Халық ІРО» Бағдарламасының бірінші кезеңі аясында «Қазпошта» АҚ-ның жұмысы жайында анықтама:

Бірінші кезең аясында пошта әкімшілігі 20 000-ға жуық инвесторлармен келісімшарт жасады. Бұл «ҚазТрансОйл» АҚ-ның акцияларын саудалауға қатысқан басқа брокерлермен салыстырғанда жоғары көрсеткіш.   

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның акцияларын орналастыру кезеңінде компания жалпы соммасы 5 156 342 825 теңгеге 19 958 өтінімді қабылдады. Бұл халық тарапынан аталған бағдарламаға үлкен қызығушылық болғанын көрсетеді.  «Қазпошта» АҚ тартылған инвесторлар саны бойынша  (жалпы көлемнің 57%) бірінші орында.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика