Баспасөз хабарламасы

2014 жылғы 5 қарашада «KEGOC» акцияларын сатып алу жөніндегі өтініштерді қабылдау басталды. Осыған байланысты ынталы инвесторларды компания қызметімен таныстыру үшін қажетті ақпараттар ұсынылып отыр.

Компанияның «KEGOC» АҚ-ны дамытудың 2025 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиясы ретінде айқындалған өзінің айқын болжамы бар, онда еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және оның сенімділігін арттыруға бағытталған Қазақстанның ҰЭТ-ын дамыту жөніндегі 15 ауқымды жобаны іске асыру көзделген.

Компанияның инвестициялық тартымдылығының негізгі факторларының бірі әлемдегі жетекші қаржы институттары – Еуропа даму және қайта құру банкі мен Дүниежүзілік банктің қатысуымен жалпы құны 1 млрд. АҚШ  доллары тұратын  ірі көлемдегі  инфрақұрылымдық  жобаларды іске асыруда оның табысты іс-тәжірибесі болып табылады.

Соңғы жылдары Компания бірнеше ірі жобаларды сәтті аяқтады: олардың қатарында «Ұлттық электр торабын жаңғырту» (1-кезең), «Мойнақ ГЭС-нің қуатын беру», «500 кВ «Алма» қосалқы станциясын салу», ҚР БЭЖ-ге Ақтөбе энергия торабын қосатын 500 кВ «Жітіқара-Өлке» ЭЖЖ-ны салу» жобалары және т.б.

«Ұлттық электр торабын жаңғырту» жобасының екінші кезеңін іске асыру жұмыстары одан әрі жалғасуда. Жоба жұмыстары аяқталуға жақын.

Елбасы тапсырмасына орай ағымдағы жылы «Үшінші транзит» – «500 кВ Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» деп аталатын ірі жобаны іске асыру басталды. Бұл жоба іске қосылған соң ҰЭТ-тың транзиттік әлеуеті, оның Солтүстік-Шығыс және Солтүстік-Оңтүстік бағытындағы  электр қуатын өткізу қабілеті  арта түседі.

Ынталы инвесторлар үшін Компанияның дивидендтік саясаты тиісті қаржылық кезеңге, жылдың немесе жарты жылдың қорытындысына сай таза табыстың кем дегенде  40%-ын төлеуді көздейтіні маңызды болып табылады. 

Компанияның қызметін халықаралық рейтинг агенттіктері оң бағалап отыр: Moody’s: Baa3, прогноз «тұрақты»; Standard&Poor’s: BB+, «тұрақты» болжам; FitchRatings: BBB+, «тұрақты» болжам.

KEGOC әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріне басымдылық беріліп отыр. Компания 2013 жыл қорытындысы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша «алтын» алып, «Парыз-2013» Президенттік сыйлығына ие болды.

Осы жылдың сәуір айында «KEGOC» АҚ «Сенiм-2014» республикалық конкурсында «Үздік жұмыс беруші-ұлттық компания» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі «KEGOC» АҚ ІРО-сының негізгі параметрлері туралы шешім қабылдады. Бұл құжатқа сәйкес Қазақстанның қор биржасына (KASE) 10% минус бір акция көлеміндегі топтама немесе біреуінің бағасы 505 теңге болатын 25 999 999 акция орналастырылатын болады.

Акцияларды сатып алуға өтінім бір ай бойы, 2014 жылғы 5 қарашадан 3 желтоқсанға дейін қабылданады. Ал 19 желтоқсаннан бастап акциялар KASE жүйесінде еркін айналымға шығатын болады.

IPO барысында негізгі басымдық жеке инвесторларға – Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі. Өтінімдерге шектеу қойылмайды. Бөлшек инвесторлардың 14 000 (он төрт мың) дана акция мөлшеріндегі өтінімдері толық қанағаттандырылады деп күтілуде, тек сұраныстың ұсыныстан асып кетпеуі ғана ескеріледі (25 999 999).

Компания туралы ақпарат 

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Компания балансында Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мыңнан аса шақырымды құрайтын электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 36,38 ГВА болатын  77 қосалқы  электр  станциясы бар. Компанияда  ЕТМ (Еншілес және тәуелді мекемелерді) қосқанда, 4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық  ақпараттар оның корпоративтік Интернет-ресурсында – www.kegoc.kz  орналастырылған.

пікір жазу

Пікір қалдыру үшін авторизациядан өтіңіз:

пікірлер

Яндекс.Метрика